17.02.2021, 21:49
Оқылды: 227

БҚО-да 35 мұғалімнен коронавирус анықталды 

Батыс Қазақстан облысында ақпан айында 35 мұғалімнен коронавирус табылды.

210217180445633e
БҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, осы айда өңірде барлығы 1187 адамның коронавируспен ауырғаны тіркелді.

Үшінші тоқсан басталған 11 қаңтардан бері 197 оқушының індет жұқтырғаны белгілі болды.

Соның ішінде 107-сі дәстүрлі сипатта, 90-ы қашықтан оқиды. Коронавирустың таралуына тосқауыл қою мақсатында БҚО бас мемлекеттік санитар дәрігерінің 8 ақпандағы қаулысына сәйкес бір адамнан коронавирус анықталған жағдайда сол мектеп 14 күнге карантинге жабылады.

Облыста 8 ақпаннан бері 17 мектеп карантинге жабылды. Соның 8-і Орал қаласында, қалғандары аудандардa.

Дереккөз: inform.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале