29.07.2022, 10:30
Оқылды: 258

БҚО-да 5 жастағы бала суға кетті

Кеше кешкі сағат 19:30-да БҚО төтенше жағдай департаментіне 5 жастағы баланың Желаев карьеріндегі «Saya» демалыс базасының жағажайында жоғалғаны туралы хабарлама келіп түскен.

190819220219126a3557885i

Сурет: ҚазАқпарат

Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін ТЖД ЖҚЖ күштері жұмылдырылды (4 адам л/с, 1 жүзу құралы).

Сағат 19:40-та 2017 жылы туған ұл баланың денесі табылып, судан шығарылды. Бала суға шомылу кезінде жабдықталған жерде суға батып кеткен.

Жағажайда ата-анасымен және туыстарымен бірге болған. Жағажай құтқарушыларынан оқиға туралы сұраған кезде баланың үрленетін шеңберде жүзгені анықталды. Бұл кезде баланың ата-анасы мен туыстары жағадан 50 метр қашықтықта орналасқан жазғы кафеде болған.

Баланың жоқ екенін байқаған кезде, оны іздей бастайды. 40 минуттан соң (баланы 19:00-де іздей бастады) жағажай құтқарушыларының бірі баланың мәйітін тапты.

Айта кетейік, оқиға орны шомылу үшін жабдықталған. Жағажайда бақылау мұнарасы бар, бірақ оның шомылу орнына толық шолу жасауға мүмкіндігі жоқ. Балалар жағажайы бар. Оқиға болған күні ауысымда барлығы 7 құтқарушы болды.

Жыл басталғалы, облыста 12 адам суға кетсе, оның 5-уі бала.

Өңірде рейдтік іс-шаралар тұрақты жүргізілуде. Соңғы рейд 24 шілдеде Бәйтерек ауданының ТЖБ қызметкерлерімен ЖАО-мен бірлесіп өткізілді.

БҚО төтенше жағдай

департаментінің баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале