7.06.2021, 16:06
Оқылды: 182

БҚО-да аккумуляторлық батареялар шығаратын зауыт ашылады

Бүгін облыс әкімінің төрағалығымен инвесторлар кеңесінің отырысы өтті. Онда "Қайнар-АКБ" ЖШС көліктің әр түріне арналған стартерлік аккумулятор батареяларын шығару жөніндегі жобасы мақұлданды.

6B29F354-4312-42B2-8F74-4DB804BE6696

Жобаны іске асырудағы алғашқы қадам БҚО әкімі Ғали Есқалиев пен «Қайнар-АКБ» ЖШС бас директоры Серікбай Ажмағамбетов арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қою болды.

17EC0E49-233D-4BCF-9E5D-6BCA7D973F05

Зауыттың қуаттылығы жылына 1,2 млн. дана қорғасын-қышқылды аккумуляторларды шығаруға қауқарлы. Бұл ретте жоспарланған күрделі салымдар шамамен 40 млн. АҚШ долларын құрайды. Аталған зауыттың құрылысы 2022 жылдың екінші тоқсанында басталады, ал жаңа зауытты іске қосу 2023 жылдың бірінші тоқсанына жоспарланған.

23EC8303-A2D8-4915-B8CC-85581776F7E6

Компания өзінің экспортқа бағытталған өндірістік қуаттарын кеңейту туралы шешім қабылдады.

БҚО - Еуропа мен Орталық Ресейге ең жақын аймақ, зауыттың өңірде орналасуының негізгі факторы осы. Бұл жеткізу мерзімі мен логистиканың құнын қысқартуға мүмкіндік береді.

7A194BA3-D850-44D2-8D70-7AA52DD3A5CA

Айта кету керек, «Қайнар-АКБ» ЖШС 45 жылға жуық тәжірибесі бар, жеңіл, жүк, ауыл шаруашылығы және қорғаныс көліктеріне арналған стартерлік аккумулятор батареяларын өндіруге маманданған. Батареялар Kainar, Bars, Вожак, Unikum, Nomad брендтерімен шығарылады. Зауыт дайын өнімді ТМД, ҚХР, БАӘ, Ауғанстан, Италия сияқты 15 елге экспорттайды.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале