5.06.2023, 17:00
Оқылды: 447

БҚО-да ақын-жазушыларға облыс әкімінің стипендиясы тағайындалды

Бүгін БҚО әкімі Нариман Төреғалиев Жазушылар одағының мүшелерімен  кездесті. Кездесу Қадыр Мырзалиев  атындағы мәдениет және өнер орталығында өтті. Кездесуді ақын, Қадыр сарайдың директоры Бауыржан Халиолла жүргізді.

аким

Кеш қонақтарына қош келдіңіз айтқан Бауыржан Халиолла алдымен өңірдегі Жазушылар одағының мүшелері туралы, кешегі құрылтай туралы  сөз қозғады.

сағынтай

-Біз бүгін күн тәртібінде бір-ақ нәрсені қараймыз. Ол - БҚО әкімі атындағы бір жолғы стипендияны беру туралы ұсынысым. Мен бұл ұсынысты бұрыннан айтып келемін. Бүгін соның реті келіп тұр. Бұл стипендия көлемі көп ештеңені шешпес, дегенмен сіздерге көңіл бөлейік деп, әдебиетке қолдау білдірейік деп біз осы стипендияны сыйлағалы отырмыз, - деді Бауыржан Ергенұлы.

ға

Жиынға Жазушылар одағы БҚО филиалының мүшелері қатысты. Ақын-жазушылар ортасында сөз алған аймақ басшысы былай деді:

улдай апа

-Қазақ оқырмандары үшін, қазақ қоғамы үшін Сіздер үлкен жұмыс атқарып жатырсыздар. Күні кеше облыстың атын аспандатып, бір кісідей ұйымшылдықпен жазушылардың құрылтайына барып келдіңіздер. Бізде күні кеше үлкен мерекелік шараларымызды өткіздік. Осылардың бәрі сіздердің қатысуларыңызбен өтіп  жүр. Ел ішіндегі сіздердің орындарыңыз ерекше. Біз оны қадірлейміз. Әдебиетті де, мәдениетті де барымызша қолдап, ақын-жазушыларға қолдан келгенше қолдау көрсете береміз, - деді Нариман Төреғалиев.

Облыс әкімінің атынан жазушыларға  бір реттік степендия табыс етілді.

 

Жанат Көшкінбай,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале