23.05.2023, 9:45
Оқылды: 15

БҚО-да аманаттықтар өңірлік жол картасын бекітті

Оралда «AMANAT» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалы Саяси кеңесі Бюросының отырысы өтті.

IMG-20230523-WA0062

Бюро отырысында 2023-2027 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасының Жол картасының (іс-шаралар мен көрсеткіштер тізбесі) тармақтарын облыстық мәслихаттағы фракция мүшелеріне бекіту мәселесі қаралды. Отырыс «AMANAT» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы Мұқаев Мұрат Рахметұлының жетекшілігімен өтті.

IMG-20230523-WA0064
«АМАNАТ» партиясы төрағасы Е.Қошановтың тапсырмасына сәйкес сайлауалды уәделерді сапалы және уақтылы орындау үшін Батыс Қазақстан облысы бойынша 2023-2027 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасының Жол картасы жасалды.

IMG-20230523-WA0059

Батыс Қазақстан облысында сайлауалды бағдарламаны іске асыру үшін Жол картасында облысты дамытудың төрт басым бағыты бойынша 21 көрсеткіш, 100 шара айқындалды.

Жол картасына енген шаралар сайлау қарсаңында жергілікті халықтан жиналған ұсыныстар мен өтініштерден құралған.
Жол картасының басым бағытының бірі - бизнес және ауыл шаруашылығы субъектілерін қолдау арқылы халықтың табысын арттыру.

Осы бағыт шеңберінде жыл сайын 13 мың жұмыс орнын құру, тікелей шетелдік инвестициялар тарту, өнеркәсіп саласында 52 инвестициялық және 32 агроөнеркәсіптік кешеннің инвестициялық жобаларын іске асыру жоспарланып отыр.
- Сайлауалды бағдарламамыздың жүзеге асырылуы осы жол картасымен тығыз, толық байланысты. Сондықтан халықтың аманаты, сайлау кезіндегі әр ауыл, қала, елді мекен тұрғындарынан түскен аманаттардың көпшілігі осы сайлауалды бағдарламаға енген болса, ары қарай оны нақты жүзеге асыру барысы біздің назарымызда болмақ, - деді «AMANAT» партиясы БҚО филиалы төрағасы Мұрат Мұқаев.
Сайлауалды уәделерді орындау нәтижесінде инженерлік-коммуникациялық, тұрғын үй және жол инфрақұрылымдарының өзекті мәселелері шешіледі, медициналық қызмет көрсету, білім беру және басқа да салалардың сапасы жақсарады.
Осы орайда Жол картаның әр тармағы облыстық мәслихаттағы фракция мүшелеріне бекітілді. Яғни әр депутатқа өз саласы бойынша атқаратын жұмыстар тапсырылып, облыстық басқармалармен бірге жұмыс істеу жүктелді. Мұның бәрі отандастарымыздың тұрмысын жақсарту мақсатында қолға алынып отыр.
- Жол картаның басты мақсаты – Сайлауалды бағдарламаның орындалуына қатаң партиялық және қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету. Сондықтан барлығымыз атсалысып, талмай еңбектенуіміз қажет, - деп отырысты қорытындылады М.Мұқаев.

«AMANAT» партиясы БҚО филиалы баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале