23.02.2024, 11:00
Оқылды: 43

БҚО-да аязға қарамастан жолшылар жұмыс істеп жатыр

БҚО-да аяз күшейіп, мектептерде 1-4 кластарда сабақ тоқтатылды. Ауа райын болжаушылардың дерегінше, аймақта арктикалық антициклондар аялдап қалғандықтан, аяз әлі сақталады. Күндіз жылынғанымен, түнде температура қайта төмендейді.

жп автожол тазалау (1)

Сондықтан алыс жолға шыққан жолаушылар мұқият болуы тиіс. «ҚАЖСервис» ЖШС БҚОФ өңірдегі халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын қысқы күтіп ұстау жұмысын жалғастырып жатыр. Биыл мекеменің техникасы жаңартылды. Қар тазалап, тұзды құм қоспасын себетін 17 әмбебап машина және 5 жаңа құм тиегіш алыныпты. Қазір аудандардағы жол қозғалысын 72 арнайы техника қамтамасыз етіп жүр.

жп автожол тазалау (2)

- Биыл қыс былтырғыдан қатты болды. Үскірік аяз бен боранның кесірінен көлік жолдарын жиі-жиі жауып, қозғалысты уақытша тоқтатуға тура келді. Былтыр облыс жолдарына 13 500 тонна тұзды құм қоспасы себілсе, биыл ақпан айына дейін 13 000 тонна жұмсаппыз. Егер алдағы наурыз айында әлі де қар жауып, боран соғатынын ескерсек, алда әлі біраз жұмыс күтіп тұр. Бірақ қажетті материал қоры жеткілікті, - дейді ҚОФ «ҚАЖСервис» ЖШС БҚОФ директоры Бауыржан Темірханов.

жп автожол тазалау (3)

 «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ

БҚОФ-ның баспасөз қызметі

жп автожол тазалау (4)

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале