15.12.2022, 16:15
Оқылды: 319

БҚО-да балалар тасымалдайтын 16 автобус тапсырылды

Балалар жылы аясында биыл жоспар бойынша балаларды тасымалдау үшін 54 автобус алу жоспарланған. Оның алғашқы легі қыркүйек айында берілді. Бүгін Тәуелсіздік күніне орай 16 автобустың кілті мектеп директорларына табысталды.

авто

– Балалардың қауіпсіздігі мен дұрыс білім алуы әрқашан басты міндет болып келді. Соның ішінде балаларды мектепке тасымалдау ісін ұйымдастыру ісі жүйелі жүргізіліп келеді. Биылғы жылға 54 автобус алыну жоспарланды. Автобустардың бастапқы легі тапсырылды. Енді қалған атвобустар 2023 жылдың ақпан айына дейін тапсырылады, - деді БҚО білім басқармасының басшысы Айгүл Мыңбаева.

айг

дет

Бұл жолы Жәнібек, Казталов, Бөкей ордасы, Теректі, Бәйтерек, Шыңғырлау аудандарының мектептеріне тапсырылды.

Жанат Көшкінбай,

Фото авторы: Эльвира Меңдіғали

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале