9.04.2024, 17:16
Оқылды: 23

БҚО-да бір қала мен 4 ауданда су тасу қаупі бар

Батыс Қазақстан облысында қауіп әлі сейілген жоқ. Орал қаласы және 12 ауданның 8 ауданында жағдай тұрақталды. Бірақ облыс орталығы мен Жайық бойында орналасқан 4 ауданда су қаупі бар. Олар: Ақжайық Бәйтерек, Бөрлі, Теректі аудандары. Сол ауданда 90-нан астам елді мекен бар. 80 мыңнан астам халық тұрады. Олардың барлығы Жайықтың бойында орналасқан. Жайық - РФ Челябі облысынан келетін өзен. Олардың көп мөлшерде су тастауы өңірге қауіп туғызады. Бұл туралы Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Қалияр Айтмұхамбетов ОКҚ брифингінде айтты, деп хабарлайды  орталық коммуникациялар қызметі

6615123cd7f98898237987

Өзен бойында Ириклин су қоймасы бар. Соңғы күндері 2170 текше метрге су жіберілді. Бүгінге дейін 1500 текше метрге дейін азайды. Былтыр секундына 15 текше метр су келді. Оның айтуынша, Жайыққа тағы бірнеше өзен құлайды. Олардан су толық мөлшерде келіп түсіп жатыр. Үлкен суды сәуірдің 15-20-да келеді деп күтілуде.

«Бүкіл күшіміздің Жайықтың бойында орналасқан 4 аудан және бір қалаға жұмсап жатырмыз. Қолдан дамба орнатып жатырмыз. 4 аудан және бір қалада 300-ден астам арнайы техника жұмыс істеп жатыр. Өткен тәулікте Жайық өзеніндегі су деңгейі 7 см қосты. Таңертең 710 см болса, қауіпті деңгейі 850 см», – деді спикер.

Өңірдегі 6 аудан мен Орал қаласында 581 үй су астында қалды. Материалдық залалды анықтау жұмыстары басталды. Су астына кеткен 415 үй бойынша техникалық сарапама жалғасуда. Автомобиль жолдары учаскелерінде 66 су басу және 64 су шаю фактілері орын алған. Су тасқыны басталғаннан бері 7125 адам қауіпсіз жерге көшірілді.  5600 өз мекенжайларына оралды.  Эвакуациялық пунктерге 1523 адам қалып отыр.

Фото: ortcom.kz 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале