7.09.2026, 23:00
Оқылды: 296

БҚО-да бір отбасын тілсіз жаудан құтқарған полицей марапатталды

БҚО ПД бастығы Арман Оразалиев Жаңақала ауданы Қырқопа ауылының учаскелік полиция инспекторы Нұрлыбай Нұрмұхановты адам өмірін құтқарудағы батыл әрекеті үшін марапаттады, деп хабарлайды POLISIA.KZ порталы. 

IMG_20260907_202002_301_edit_28141280105149

Фото: POLICE_of_KZ

Еске сала кетсек, 1 қыркүйекке қараған түні ауылды аралау барысында полиция қызметкері тұрғын үйлердің бірінің ауласынан қою түтінді байқаған. Оқиға орнына дереу жеткен ол мал қораның өртеніп жатқанын және жалынның тұрғын үйге қарай таралып бара жатқанын көрді.

Нұрлыбай Нұрмұханов ұйқыдағы отбасыны оятып, барлығын, оның ішінде балаларды қауіпсіз жерге шығарды. Содан өрт сөндірушілер келгенше үй иелерімен бірге малдарды құтқарып, жалынның тұрғын үйге таралуына жол бермеді.

Департамент бастығы полиция қызметкерінің дер кезінде әрі батыл әрекет етуінің арқасында бір отбасының аман қалғанын атап өтті.

Нұрлыбай Нұрмұхановқа көрсеткен ерлігі мен кәсіби қызметі үшін алғыс хат пен естелік сыйлық табыс етілді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале