26.03.2024, 12:45
Оқылды: 31

БҚО-да бір тәулікте су басу туралы 281 өтінім түскен

Батыс Қазақстан облысы бойынша тәулік ішінде еріген қар суын соруды сұраған 281 өтінім түскен. Бұл туралы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

WhatsApp Image 2024-03-26 at 12.52.21 (1)

Төтенше жағдайлар департаменті және жергілікті атқарушы органдар 209 өтінімді орындап үлгерген. Әлі 72 өтінім бақылауда тұр.

Бұл жұмысқа 519 адам, 199 бірлік техника, 87 мотопомпа жұмылдырылған. Әзірге су тұрғын үйді баспады.

Тәулігіне барлығы 33 604 м3 еріген қар суы сорылған.

Аудандық маңызы бар автожолдардың ішінде үш ауданда су жолды шайып өткен.

WhatsApp Image 2024-03-26 at 12.52.20 (1)

Солардың бірі - Ақжайық ауданы Құрайлысай ауылдық округі Аттибек қыстағы, аудандық маңызы бар 7 шақырымындағы Жұбан - Сайқұдық ауылының жолы. Айналма жол бар.

Жәнібек ауданы Жақсыбай ауылдық округі аудандық маңызы бар Жәнібек – Таловка - Кіші өзен автожолының үш ойпатты учаскесінде су жолды шайып өткен. Борсы мен Жақсыбай ауылына кіреберіс 1 шақырымын, Жәнібек – Талов - Кіші өзен жолының 103 шақырымын су шайды. Көлік қозғалысы бұзылған жоқ.

Екі ауданда да аталған учаскелерге лента және жол белгілері қойылған.

WhatsApp Image 2024-03-26 at 12.52.20

Ал Теректі ауданы Сарыөмірр ауылынан 9 шақырым жерде аудандық маңызы бар Сарыөмір - Дуана автожолының екі ойпатты учаскесінде су жолды шайып өткен. Көлік қозғалысы тоқтатылды.

Елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ. Зардап шеккендер жоқ.

Барлық су өтіп кетуі мүмкін орында кезекшілік ұйымдастырылған.

Облыс бойынша барлығы 2 840 дана қап салынған. Оның ішінде Оралда – 2000, Қаратөбе ауданында – 500, Сырым ауданында – 300, Теректі ауданында – 40 дана қап салынған.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале