6.11.2023, 10:30
Оқылды: 59

БҚО-да «Chia Tai Tianging» қаржы пирамидасын ұйымдастырушысына қатысты іс сотқа жолданды

Батыс Қазақстан, Ақтөбе және Атырау облыстары бойынша «Chia Tai Tianging Pharmaceutical» қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесін ұйымдастырды деген күдіктіге қатысты істі қаржы мониторингі агенттігінің БҚО-дағы департаменті аяқтап, сотқа жіберді.

ЖП АҚША

Агенттіктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, олар өздерін инвестициялық компания ретінде көрсетіп, жоғары және тұрақты кірісті түсіп тұратынын уәде еткен.

«Chia Tai Tianging Pharmaceutical» адамдардың ақшасын алып, кәсіпкерлік қызметке пайдаланбай, оларды қатысушылар арасында қайта бөлген.

Жалпы тартылған салымшылардың саны 425 адам. Барлығы 523 миллион теңге ақша салған. Оның ішінде 411 азамат 490 миллион теңгеге жуық  ақша салып, жәбірленуші деп танылған.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале