6.02.2021, 14:59
Оқылды: 415

БҚО-да екі көлік соқтығысып, бірнеше адам ауруханаға жеткізілді 

Оралда екі автокөлік соқтығысып, бірнеше адам ауруханаға жеткізілді.

210206122801818e
БҚО полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібековтің мәлім еткеніндей, оқиға бүгін шамамен сағат 08.15-те Зашаған кенті аумағындағы Саратов жолы бойында «Конденсат» жанар-жағар май стансасы тұсында болды.

Matiz бен Volkswagen маркалы автокөліктері соқтығысып, салдарынан Volkswagen автокөлігінде отырған үш жолаушы мен Matiz жүргізушісі түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді.

Алдын ала мәлімет бойынша жолдың көктайғақ болуына және нашар бөлігіне байланысты Matiz автокөлігі қарсы бетке шығып кеткен. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының нақтылауынша, миы шайқалған деген күдікпен 11 жасар ер бала мен маңдай тұсы көгерген 16 жасар қыз облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жеткізілді.

Қабырғасы сынған 1960 жылғы және миы шайқалған деген күдікпен 1990 жылғы әйелдер қалалық көпбейінді аурухананың хирургиялық бөлімшесіне жатқызылды.

1960 және 1989 жылғы ер адамдар ауруханаға жатудан бас тартты.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале