25.05.2021, 22:56
Оқылды: 329

БҚО-да электр желілері жаңғыртылмақ

ОКҚ брифингінде өңірдегі электр инфрақұрылымына қатысты сауал тастаған ТДК телеарнасының тілшісі Әселім Қалкенге облыс әкімі Ғали Есқалиев жауап берді. «Батыс Қазақстан облысында электр желілері тозған. Соның салдарынан электр жарығы жиі өшеді. Оған қатысты тұрғындар көп шағымданады. Бұл мәселені шешу мақсатында әкімдік қандай шешім қабылдауда?», – деді Әселім Қалкен.

46FDEEE2-8848-448B-8D79-D9EE1DC34E5F

– Екі-үш жыл бұрын Батыс Қазақстан электр желілерін таратушы компаниясы басқа жеке компанияның сенімгерлік басқаруына берілген еді. Былтырдан бастап министрлікпен бірге компанияны қайтару мақсатында жұмыстандық. Үкімет шешімі бойынша сенімді ақтамаған компаниямен келісімшарт бұзылды. Соған байланысты жылжымайтын мүлік пен акцияларды коммуналдық меншікке толық беру ісі таяуда аяқталады. Енді күрмеулі мәселе шешімін табуға өзіміз жауаптымыз. Яғни мүлікті иелену құқығы қайтарылған соң, БҚ ЭЖТК-ға қосымша қаржы бөлу мүмкіндігін қарастыру әлдеқайда оңай болады. Электр желілері мен трансформаторлар әбден тозғаны рас. Үп еткен жел соқса, елді мекендерде бірнеше күн қатарынан электр жарығы сөніп қалады. Сондықтан электр жабдықтарын сатып алуға, бағандарды ауыстыруға, сымдарды жаңалауға 24 миллиард теңге қаражат қажет. Алдағы 2-3 жылда қаржы көзін тауып, осы мәселені түбегейлі шешеміз, – деді облыс әкімі.

Нұртай Текебай,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале