28.02.2023, 15:15
Оқылды: 34

БҚО-да қалдықтарды басқару жүйесі жетілдіруде

Облыс әкімдігінде облыс әкімінің орынбасары Е.Балтаевтың төрағалығымен өңірдегі қоршаған ортаны қорғау және қалдықтарды басқару саласындағы проблемалық мәселелері бойынша кеңейтілген кеңес отырысы өтті, деп хабарлайды Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

5B664798-073E-4252-BDB4-3AFD02C2B033

Кеңеске осы саладағы облыстық басқармалар, департамент басшылары және аудандық әкімдіктер, ірі команиялардың өкілдері қатысты. Кеңес барысында Батыс Қазақстан облысының экологиялық мәселелерін кешенді шешу бойынша Жол картасында бекітілген шаралардың орындалуы талқыланды.

Өңірімізде қалдықтарды сұрыптау және өңдеу саласында 18 кәсіпорын жұмыстануда. Солардың ішінде еліміздегі автомобиль шиналарын өңдеу саласындағы көшбасшылардың бірі «Кама орталығы» ЖШС 2022 жылы 2,3 мың тонна өнім өңдеді. «Орал сауда-өнеркәсіп компаниясы» ЖШС өткен жылы пластик пен төменгі қысымды полиэтилен өңдеудің жаңа линиясы қолданысқа енгізіп 9,4 мың тонна қалдықтар өңдеуден өткізді.

КПО б.в. компаниясы, «Жайықмұнай» ЖШС өз аумақтарында ауаға зиянды заттардың шығарылуын онлайн бақылауға және басқаруға мүмкіндік беретін автоматты мониторинглеу станцияларын орнату жұмыстары туралы баяндады.

Сонымен қатар «Жайықжылуқуат» АҚ жылына 4 млн.м³ дейін Жайық өзенінен су алуды азайтуға мүмкіндік беретін градирни ауыстыру жобасын ағымдағы жылы аяқтауды жоспарлауда.

Сондай-ақ, кеңес қорытындысымен аудандық әкімдіктерге қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарын заңнама талаптарына сәйкестендіру және ғарыштық мониторинглеу барысында анықталған заңсыз қоқыс орындарын жою туралы нақты тапсырмалар берілді.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале