1.11.2021, 15:01
Оқылды: 54

БҚО-да қазан айында 1500-ге жуық адам коронавирус жұқтырған

Батыс Қазақстан облысында қазан айында 1487 адам коронавирус жұқтырды.

211101140658452a3856283i

БҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, соның 57 пайызы (843) ЖРВИ белгілерімен тексерілген кезде анықталды. Сондай-ақ 24 пайызы (351) бұрын ауырғандармен байланыста болса, 18 пайызынан (277) профилактикалық мақсатта, 1 пайызынан (16) стационарға жатқызар алдында сынама алынған.

КВИ 41-60 жастағылар (369) арасында көбірек ұшырасып отыр. Соңғы төрт күнде өңірде 173 адамнан індет табылса, соның 90-ы Орал қаласы, 27-сі Бәйтерек, 20-сы Бөрлі ауданының үлесіне тиеді. Пандемия басталғаннан бері ауырған 38 959 науқастың 32 774-і сауығып шықты. 817-сі өмірден озды. Соның ішінде 19 510-ы Орал қаласында, 5227-сі Бәйтерек, 4719-ы Бөрлі, 1791-і Теректі, 1419-ы Ақжайық ауданында тіркелген.

Департамент мәліметіне қарағанда, қазан айында мемлекеттік шекарадан анықтамасыз өткен 1277 жолаушының үшеуінен, 2081 жүргізушінің бесеуінен коронавирус табылды. Облыста 66 егу кабинеті жұмыс істеуде. Бүгінге дейін 237 253 адам вакцинаның бірінші, 215 533-і екінші компонентімен егілді. Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да бірінші тоқсанда 780 оқушыдан коронавирус анықталғанын жазған болатынбыз.

ҚазАқпарат

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале