ҚР Қарулы Күштері Арнайы операциялар күштерінің қолбасшылығы құрылды
24 Қаңтар 2022

ҚР Қарулы Күштері Арнайы операциялар күштерінің қолбасшылығы құрылды

Қазақстандықтар жарылғыш зарттар мен оқ-дәрі тауып алған жағдайда не істеуі тиіс
24 Қаңтар 2022

Қазақстандықтар жарылғыш зарттар мен оқ-дәрі тауып алған жағдайда не істеуі тиіс

Қазақстанда азаматтарды әскерге шақыру учаскелеріне тіркеу науқаны өтуде
24 Қаңтар 2022

Қазақстанда азаматтарды әскерге шақыру учаскелеріне тіркеу науқаны өтуде

«Самұрық-Қазына» қызметкерлерінің саны 50% қысқартылатын болды
24 Қаңтар 2022

«Самұрық-Қазына» қызметкерлерінің саны 50% қысқартылатын болды

Батыс Қазақстан облысында 35 мыңнан астам адам ревакцинациядан өтті
24 Қаңтар 2022

Батыс Қазақстан облысында 35 мыңнан астам адам ревакцинациядан өтті

Сауд Арабиясында баллистикалық зымыран атылды
24 Қаңтар 2022

Сауд Арабиясында баллистикалық зымыран атылды

28.09.2021, 15:05
Оқылды: 89
БҚО-да коронавируспен күреске тартылған медқызметкерлерге 5,7 млрд теңге үстемеақы төленді

Батыс Қазақстан облысында коронавируспен күрес шараларына тартылған денсаулық сақтау нысандарының 17 357 қызметкеріне 5,7 млрд теңге төленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 к

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ БҚО бойынша филиалының директоры Нұржамал Жұмағұлованың өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингіде мәлім еткеніндей, биылғы сегіз айда коронавирус жұқтырған 10 845 науқас 6,7 млрд теңгеге ем алды. Барлығы 114 880 ПТР-диагностикаға 930,6 млн, сондай-ақ мобильді бригадалардың 59 397 рет шыққаны үшін 341,5 млн теңге жұмсалды.

Нұржамал Шамғонқызының сөзіне қарағанда, осы кезеңде жоғарғы және төменгі тыныс жолдарының жіті респираторлық инфекциялары, пневмония, ауруханадан тыс пневмония және ковидтен емдеу үшін 21 893 науқас 78,9 млн теңгенің дәрілік заттарымен қамтамасыз етілді.

Соның ішінде 13 988 балаға 18, 6 млн теңгенің дәрілік заттары берілді. Коронавирустан емдеуге амбулаториялық-дәрілік қамтуға арналған 5 препарат енгізілді. Сол препараттармен 7 809 пациент 67,5 млн теңгеге қамтамасыз етілді.

«Сегіз ай ішінде стационарларда мамандандырылған медициналық көмек те берілді. Жоспарлы түрде 23 328 пациент 3,6 млрд теңгеге емделді. Сонымен қатар 1,39 млрд теңгеге 5 843 ота жасалды. Осы мерзімде 140 015 пациент 4,4 млрд теңгенің дәрілік заттарымен қамтылды», - деді Н.Жұмағұлова.

inform.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале