4.10.2026, 14:30
Оқылды: 58

БҚО-да «Кублей» компаниясы 25 млн долларлық жаңа инвестициялық жобаны іске асыруға кірісті

Бұл туралы ҚР АШМ баспасөз қызметі хабарлайды. 

IMG_20261004_013715_194_edit_58926543436322

Фото: Agropresskz

«Кублей» серіктестігі шикізат базасын нығайтып, ет өңдеу өндірісін кеңейтуге және қосылған құны жоғары өнім көлемін арттыруға бағытталған құны 25 млн АҚШ долларын құрайтын жаңа инвестициялық жобаны іске асыруға кірісті. Жоба аясында компания заманауи суару жүйесімен жабдықталған жеке жемшөп базасын құрып, 10 мыңнан 20 мың басқа дейін ірі қара малды бордақылауға арналған алаң салуды жоспарлап отыр. Бұл бастама жемшөп өндіру, мал бордақылау және ет шикізатын өңдеу бағыттарын өзара байланыстыратын біртұтас өндірістік тізбекті қалыптастыруға мүмкіндік береді.

IMG_20261004_013720_733_edit_58913318596588

​1992 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан және еліміздегі ірі ет өңдеу кәсіпорындарының қатарына кіретін компанияның негізгі өндіріс орындары Орал қаласы мен Рыбцех кенті ауданында орналасқан. Кәсіпорында 700-ден астам адам еңбек етіп, 3,5 мың шаруа қожалығымен тұрақты әріптестік орнатқан. Жалпы аумағы 15 мың шаршы метрден асатын консерві зауыты бір ауысымда 200 мыңға жуық өнім шығарса, аумағы 12 мың шаршы метрді құрайтын ет кешені жылына 20 мың тоннаға дейін ет өңдеуге қауқарлы.

IMG_20261004_013708_853

Сондай-ақ кәсіпорында тері өңдеу, ет-сүйек ұнын өндіру цехтары жұмыс істейді және техникалық май шығарылады.

IMG_20261004_013737_267_edit_58906178210913

Бүгінде кәсіпорын өнімдері Қырғызстан, Түрікменстан және Тәжікстан нарықтарына экспортталуда. Жаңа инвестициялық жоба өндіріс көлемін ұлғайтып қана қоймай, қазақстандық өнімдердің сыртқы нарықтағы үлесін арттыруға зор үлес қоспақ.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале