Әлеуметтік салаға жауапты мемлекеттік қызметкерлер арасында «Адал қызмет» интеллектуалдық ойыны ұйымдастырылды.

Іс-шара «Заң мен тәртіп» идеологемасы аясында, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және адалдық қағидаттарын нығайту мақсатында өтті.
Зияткерлік додаға облыстық басқармалар мен мемлекеттік органдардың өкілдері қатысып, өз білімдері мен логикалық ойлау қабілеттерін сынады. Сонымен қатар, қатысушылар бейресми форматта пікір алмасып, кәсіби байланыстарын кеңейтуге мүмкіндік алды. Мұндай кездесулер мемлекеттік қызметшілер арасындағы нетворкингті нығайтып, ведомствоаралық ынтымақтастықты дамытуға және тәжірибе алмасуға оң ықпал етеді.

Интеллектуалдық ойын мемлекеттік қызметкерлердің кәсіби және тұлғалық дамуына серпін беріп, командалық жұмысты, стратегиялық ойлауды және тиімді коммуникация дағдыларын жетілдіруге ықпал етті.

Шара облыстық қоғамдық даму басқармасы мен Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің өңірлік департаментінің бастамасымен ұйымдастырылды. Осындай форматтағы іс-шаралар мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастырып, қызметкерлердің кәсіби әлеуетін арттыруға және мемлекеттік аппараттағы өзара ынтымақтастық мәдениетін дамытуға бағытталған.
БҚО Қоғамдық даму басқармасы