20.06.2022, 15:30
Оқылды: 102

БҚО-да мемлекеттік қызметкерлер арасындағы спартакиада мәреге жетті

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілер күніне орай ұйымдастырылған мемлекеттік қызметкерлер арасындағы облыстық спартакиада өз мәресіне жетті.

c797f604-032f-4e51-b3b0-50a2449f6d31

Мемлекеттік қызметшілерді спортпен жүйелі шұғылдануға тарту мақсатында өткен жарыс бір аптаға созылды. Облыс пен аудандардан 17 команда қатысты.

Айта кетейік, аталмыш спартакиаданың ашылу салтанаты П.Атоян атындағы стадионда өтіп, облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов және БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қаймен Есендияров қатысқан болатын. Жарыстың бас төрешісі Асылбек Оразғалиұлының айтуынша, жалпы бұл спартакиадаға облысымыздан мыңға жуық мемлекеттік қызметші қатысып, спорттың 12 түрінен бақ сынаған.

– Жарыс өте тартысты өтті. Әсіресе алғашқы орындарға лайық деп танылған Ақжайық пен Бөрлі ауданы әкімдігінің командалары ұпай бойынша теңесіп қала берді. Сондай-ақ шахматтан БҚО әкімдігі белсенділік танытты. Шағын футбол сайысында тағы да Ақжайық ауданы басым түссе, қол күресінен Жәнібек ауданының қатысушылары алға озды, – деді бас төреші.

554a748d-89d3-452a-813c-7e692ef20a4f

Жарыс нәтижесінде жалпы есеп бойынша І орынды Ақжайық ауданы әкімдігінің командасы жеңіп алды. Бөрлі ауданы ІІ орынды қанжығасына байласа, БҚО әкімдігі ІІІ орынға жайғасты. Жеңімпаз командаларға арнайы сертификаттар мен кубок табысталды.

Спартакиаданың республикалық кезеңі Петропавл қаласында өтеді.

Аманжол Исламғали,    

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале