12.08.2024, 15:30
Оқылды: 112

БҚО-да мемлекеттік қызметшілерді заңсыз іс-әрекеттерден қорғау қалай жүргізіліп жатыр?

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының негізгі талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасында мемлекеттік қызмет мемлекеттiк қызметшiлердiң құқықтық және әлеуметтiк қорғалуы қағидаттарына негізделеді. Бұл жөнінде Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті мәлімдеді.

ЖП, әкімдік акимат

«Мемлекеттiк қызметшiлерді тәртiптiк жауапқа тарту кезiнде олардың құқықтарына берілетін кепiлдiктер белгіленген. Алайда, дербес мемлекеттік органдармен аталған кепілдіктер сақталмайды.

Осылайша департаментпен жүргізілген жұмыстар нәтижесінде, 2024 жылғы 1-ші жартыжылдық қорытындысымен 11 мемлекеттік қызметшіге заңнама талаптары сақталмай қолданылған тәртіптік жазалардың күштері жойылып, олардың бұзылған заңды құқықтары қалпына келтірілді.

Осыған қоса, жекелеген мемлекеттік органдардың қызметшілері жұмыс орнында үстеме жұмысқа тарту туралы жұмыс берушінің бұйрығы рәсімделмей отырғандары анықталып, мониторинг нәтижесі бойынша 105 мемлекеттік қызметшінің құқықтары қалпына келтіріліп, оларға демалыс уақыты ұсынылды және тиісті төлемдер жүргізілді.

Сондай-ақ, Батыс Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілеріне іссапар шығындарын төлеу талаптарының сақталуына жүргізілген талдау нәтижесінде іссапар шығындарын уақытылы төлемеген 44 мемлекеттік қызметшіге тиісті 2 млн жарым теңге көлемінде төлемдер жүргізілді. Еңбек демалысы төлемдерін кешіктіліріп төлегені үшін 47 мемқызметшіге 80 479,42 теңге көлемінде өсімпұлдар төленді.

Сонымен қатар, есептік кезеңде мемлекеттік қызметшілерге бағалау қорытындысы бойынша бонус төлеу басталды. Кейбір мемлекеттік органдармен заңнама талаптарын дұрыс қолданбау салдарынан мемлекеттік қызметшілерге төленуге тиісті бонустар төленбеген жағдайлар орын алған. Бұл ретте, Департаментпен                        

22 мемлекеттік қызметшіге негізсіз 4 316 062 теңге көлемінде төленбеген бонустарды төлеу қамтамасыз етілді.

Бұдан бөлек, мемлекеттік қызметшіге мемлекеттік лауазымдарды уақытша қоса атқарғаны үшін қосымша ақы төлету фактісі бойынша бес мемлекеттік қызметшінің құқығы қорғалды.

Өз кезегінде бұл – мемлекеттік қызметшілер арасында заң үстемдігі, әділеттілік үстемдігі қағидатын бекітуге және мемлекеттік қызметке сенімін нығайтуға мүмкіндік береді», делінген департамент хабарламасында.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале