22.02.2022, 17:45
Оқылды: 133

БҚО-да мемлекеттік тілді меңгерген тұрғындар үлесін 93,5 пайызға жеткізу көзделуде

Батыс Қазақстан облысында мемлекеттік тілді меңгерген тұрғындар үлесін 93,5 пайызға жеткізу көзделуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

220222132431308e

БҚО тілдерді дамыту басқармасының басшысы Ерлан Ғалиевтің өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингіде мәлім еткеніндей, биыл сондай-ақ мемлекеттік тілде оқытатын мектептердегі оқушылар санын арттыру бағытында қоғам белсенділерінің қатысуымен 1-сыныпқа баратын балалардың ата-аналарымен «Ұрпағыңа ие бол, ағайын!» тақырыбында кездесулер өткізу жоспарланып отыр.

Оның айтуынша, қазақ тілінде білім алып, қоғамның әр саласында жетістіктерге жетіп, әлемге танымал болып жүрген Ақ Жайық өңірінен шыққан тұлғалармен кездесу ұйымдастырылып, табыстары туралы бейнероликтер дайындалады.

Сол секілді өңірдегі ақпараттарды біріздендіру мақсатында облыс тұрғындарына арналған «Сауатты жарнама – тіл абыройы» атты байқау өтеді.

Е.Ғаливтің сөзіне қарағанда, облыста 372 күндізгі жалпы білім беру ұйымы жұмыс жасайтын болса, соның 250-і (68 пайызы) қазақ тілінде білім мен тәрбие беруде.

Оған қоса Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасы ересектерге арналған қазақ және ағылшын тілдерін тегін оқыту курсына қабылдау жүргізуде. Қабылдау наурыз айының соңында аяқталады.

Сонымен қатар 2021 жылы Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасы жанынан қазақ тілін жетілдіргісі келген өзге этнос өкілдеріне және барлық тілек білдірушілерге арналған «Сөйлеtimе» клубы іске қосылып, нәтижелі жұмыстар жүргізілді.

Клуб мүшелері түрлі әлеуметтік нысандарға барып, қызметтерді халыққа мемлекеттік тілде көрсету қажеттігі бойынша шақыру акциясын өткізді. Жалпы, «СөйлеТime» клубының жұмысына 18-35 жас аралығындағы 75 этнос өкілдері қатысты. Аталмыш клубтың жұмысы биыл да жалғасады.

Ана тілін меңгеруге ниет білдірген Ресей Федерациясында тұратын қазақ диаспора өкілдеріне онлайн 100 сағат көлемінде қазақ тілінен А2 деңгейінде 25 адамға арналған тегін сабақтар жүргізілетін болады.

Қазақ тілін IT технологиялар арқылы меңгертудің де тиімділігі мол. Сабақ барысында IT технологияларды жиі қолданып оқытудың қажеттілігі оқыту сапасының артуына зор ықпалын тигізуде.

Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық-практикалық орталығы даярлаған Tilqural.kz Qazlatyn.kz, Sozdikqor.kz, Tilmedia, Qujat.kz, Atau.kz, Emle.kz, Termincom.kz, ILES, Zerek bala, Sózdi tap, Jasyryn sóz веб-сервистерін Android немесе iOS (АЙОС) арқылы телефонға жүктеу арқылы қолдану мүмкіндігі бар.

Мемлекеттік мекемелерден жинақталған ақпаратқа қарағанда, облыс бойынша құжат айналымдағы мемлекеттік тілдің үлесі 2021 жылдың 4 тоқсанында 97,5 пайызды құрады.

«БҚО әкімдігі жанындағы облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы бойынша ономастикалық жұмыстар заңнамаларға сәйкес жүргізіліп, тиісті нормативтік құқықтық актілермен бекітіліп, іс жүзінде асырылып келеді. Айталық, «Орал» халықаралық әуежайына Мәншүк Мәметованың есімін беру туралы қаулы жобасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына еңгізілді», деді Е.Ғалиев.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале