5.07.2021, 16:20
Оқылды: 424

БҚО-да мереке қарсаңында жаңа үй, жылыжай және спорт кешені пайдалануға берілді

Бүгін, астана күні қарсаңында және Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай облыста үш нысанның құрылысы аяқталып, салтанатты жағдайда іске қосылды.

FDA602D5-4B75-480D-9C81-299E2D8589CE

Оның бірі - Орал қаласындағы Ружейников көшесіндегі №14 үйдің орнына салынған 90 пәтерлі үй. Облыс әкімі Ғали Есқалиев жиналған қауымды астанамыз Нұр-Сұлтан қаласының күнімен құттықтап, игі тілегін білдірді. «Тұңғыш Президентіміз, Елбасы Нұрсұтан Әбішұлы Назарбаевтың көреген саясатының арқасында қазақтың байтақ даласында теңдесі жоқ шаһар бой көтерді. Соңғы 20 жылдың ішінде астанамызда халықтың саны бес есе көбейіп, миллионның үстіне шықты. Өңірлер елордаға қарап бой түзейді, дамиды. Соның бір көрінісіндей жаңа үйіміз мемлекеттік-жеке меншіктік әріптестік аясында салынды. Бұл үйдің құрылысын жүргізу үшін мемлекет тарапынан инфрақұрылым тартылды, 100 миллион теңгеден астам қаражат бөлінді. Осы жердегі апатты үйде тұрған 37 отбасы жаңа үйге көшуге мүмкіндік алды. Сапасы жақсы, бағасы да тиімді үй салған «Болашақ-Т» компаниясына алғыс айтамыз, - дей келе Ғали Есқалиев баспаналы болған отбасыларға құтты болсын айтып, «Шаңырақтарыңыздан баланың күлкісі, үлкендердің батасы кетпесін» деген ақ тілегін жеткізді.

20210705_155246

Облыс әкімінің қолынан пәтер кілтін алған Алтын алқалы ана, зейнеткер Мәстура Атаулина баспаналы болған тұрғындар атынан өңір, қала басшылығына және мердігер компанияға аналық алғысын білдірді.

Қала әкімінің орынбасары Мирас Мүлкайдың  айтуынша, облыс орталығында ресми апатты деп танылған 52  және қала аумағында 200-ге жуық тозығы жеткен тұрғын үй бар. Мемлекеттік-жеке меншіктік әріптестік негізінде бағдарлама басталғалы бері шаһардағы 19 көп қабатты тұрғын үй сүріліп, олардың орнына 8 көп қабатты баспана бой көтерді. Ружейников 14 мекенжайындағы ескі үйдің орнына 400 пәтерлік 4 тұрғын үй салынған. Абай даңғылы 246 мекенжайында тағы бір үй пайдалануға берілмек. Қаланың орталық бөлігінде бес үйдің құрылысы жүргізілуде. Алдағы жылы да осы бағдарлама бойынша тұрғын үй салу жалғасады.

Алғашқы өндірістік жылыжай

Оралдағы Зашаған кенті аумағында облыстағы ең ірі жылыжай кешенінің құрылысы аяқталып, іске қосылды.  Оның ашылуына орай облыс әкімінің бірінші орынбасары Мұхтар Манкеев барып, құттықтады.

20210705_160637

-Орал жылыжай комбинаты - өңірдегі өндірістік жылыжайдың алғашқысы.  5 гектар жерде жаңа жоба іске қосылды. 100 жаңа жұмыс орны ашылды. Жобаға 6 миллиард теңгеге жуық инвестиция  құйылды. Өткен жылы облыста 800 тонна қияр жиналған болса, жарты жылдың ішінде тестілік режімде жұмыс істеген комбинатта 1700 тонна өнім жиналды. Ең бастысы - алдымен қиярмен ішкі сұранысты қанағаттандыру, содан кейін басқа өңірлерге немесе сыртқа шығару.  Бүгінде жылыжай кешенінің өніміне сұраныс күшті, Ресей Федерациясынан, басқа өңірлерден түсуде. Жылыжай голландиялық  технологияларды пайдаланып салынған,  өндірістік жылыжайлар кластері БҚО-да қалыптасып келеді. Ресми түрде 5 гектарлық жылыжай  ашылды. Жыл соңына дейін 10 гектар жылыжай ашылмақ. Онда мұндағымен салыстырғанда инвестиция көлемі де, жұмысшылар саны да екі есе көп болады. Жақында голландиялық серіктестеріміз келіп, жаңа жылыжай құрылысына кірісті, - деді Мұхтар Манкеев.

20210705_160705

М.Манкеев жылыжай ішін аралап көрді, жұмысшылармен тілдесті. Өткен жылы іске қосылған жылыжайда қияр егілген. Аумағы 5,6 гектарды құрайды. Гидропоника технологиясы қолданылады. Мұнда өздерінің су ұңғымасы және қаладан келетін суды үнемдеп пайдаланады. Қияр +21 градус жылылықта өсірілуде. «Жылыжай  бір ғана компьютермен басқарылады. Төбеде шағын метеостанса бар, соның көмегімен компьютерге желдың бағыты, күннің түсуі жөнінде ақпараттар беріледі. Соған қарай қажетінше төбе форточкалары ашылады, күн қатты ыстық болса, жабындармен жабылады. Бұл - толықтай аутоматтандырылған, 4-буынды өндірістік жылыжай. Қиярды жергілікті сауда орындарынан, базарлардан табуға болады. Көктемгі өліара шақта Қазақстанның 9 өңіріне өнім шығардық. Бізден Түркістан облысы да сатып алды», - деді  «Орал жылыжай комбинаты» ЖШС-ның бас директоры Алмат Забихов.
«БҚО-да 93 жылыжай бар, Олардың жалпы көлемі 140 мың шаршы метрді құрайды. Бірінші дақыл айналымы аясында 5500 тонна көкөніс жиналды. Өткен жылы дақылдар айналымы 400 гектар болса, биыл ол былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 14 есеге өсті», - деді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы Қуанышқали Есімов.

Жылыжайда алдағы тамыз айында екінші көкөніс түрі қызанақты өсіру жоспарланған. Жылыжай жылына 3 мың тонна көкөніс өсіре алады.

Кешен бар, енді бассейн керек

Бұл күні Теректі ауданындағы Подстепное ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің ашылу салтанаты өтті. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Мұхтар Манкеев шараға қатысып, астана күнімен және спорт кешенінің ашылуымен құттықтады.

1DB9A171-8AB3-4E60-9842-6ED5BFD403A1

- Елбасының тікелей тапсырмасына сәйкес 2019-2020 жылдары өңірімізде осындай 9 дене шынықтыру-сауықтыру орталығын салу басталды. Соның бірі – осы Подстепное ауылындағы кешен.  Спорт ғимаратында баскетбол, волейбол, шағын футбол, қазақша күрес,  еркін күрес, дзю-до сынды спорт түрлерімен шұғылдануға барлық жағдай жасалған. Теректі ауданы - көптеген атақты спортшылардың отаны, - деген Мұхтар Манкеев жаңа спорт кешені қабырғасынан талай чемпондар шығатынына сенім білдірді.  Сондай-ақ бұл кешенде ауыл жастары, тұрғындар   кешкілік мезгілде және демалыс күндері спортпен айналыса алатынын айтты.

Жиналған қауымды кешеннің ашылуымен  «ҚПО б.в.» компаниясы бас директорының орынбасары Адам Чарльз Лоумасс, Теректі ауданының құрметті азаматы зейнеткер Мұсағали Төлегенов құттықтады.  Мердігер - «Наурыз» құрылыс коммерциялық фирмасы" ЖШС-ның бас директоры Азамат Ғұбайдуллин жаңа нысанның символдық кілтін «Теректі» спорт клубының директоры Армат Ыбыраевқа тапсырды.  Ал «тұсаукесер» рәсімін жасау құрметі Мұхтар Манкеев пен жауынгерлік самбодан әлем және Азия чемпионы Темірлан Ықсанғалиевке берілді.

FE588AF3-469F-4044-9276-928EFF04A5E1

Аталмыш нысан «ҚПО б.в.» компаниясының әлеуметтік жобаларға бағытталған қаржысы есебінен салынды.  Ғимараттың ішінде спортзал, күрес залы, киім ауыстыратын орындар, жаттықтырушылар, медициналық бөлмелері, 160 орындық көрермен залы орналасқан. Спорт кешенін аралап көрген тұрғындар облыс әкімінің орынбасарына тамаша спорт зал үшін рақмет айтып, болашақта бассейн салуды сұрады.

Гүлбаршын Әжігереева,

zhaikpress.kz

  

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале