22.07.2026, 17:00
Оқылды: 12

БҚО-да полицейлер мыңнан астам тұрғынмен кездесіп, өзекті мәселелерді талқылады

Батыс Қазақстан облысында "Ауладағы қабылдау" республикалық акциясы аясында полиция қызметкерлері тұрғындармен кездесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

WhatsApp-Image-2026-07-22-at-12.36.53

Сурет: Polisia.kz 

Акцияның негізгі мақсаты – азаматтардың мәселелерін тікелей тыңдау, қоғамдық қауіпсіздікке қатысты өзекті мәселелерді жергілікті жерде талқылау және оларды шешуге ықпал ету. Орал қаласында БҚО ПД қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы Олжас Ибрайымов, учаскелік полиция инспекторлары, жергілікті атқарушы органдар мен ПИК өкілдері тұрғындармен аула кездесулерін өткізді.

Бүгінде қала аумағындағы 25 учаскелік полиция пунктінің аумағында 120 аулада кездесу ұйымдастырылып, мыңнан астам тұрғын қамтылды. Кездесулер барысында тұрғындар қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік, жол қозғалысы қауіпсіздігі, интернет-алаяқтықтың алдын алу, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және басқа да өзекті мәселелер бойынша сұрақтарын қойып, ұсыныс-пікірлерін білдірді.

Полиция қызметкерлері әрбір өтініш бойынша қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес түсіндірме берді. Бірқатар мәселе одан әрі қарау және тиісті шешім қабылдау үшін бақылауға алынды. "Ауладағы қабылдау" акциясы полиция мен тұрғындар арасындағы тікелей байланысты нығайтуға, азаматтардың мәселелерін жедел анықтауға және халықтың құқық қорғау органдарына деген сенімін арттыруға бағытталған.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале