18.06.2026, 12:30
Оқылды: 1

БҚО-да салық саясаты мен цифрлық сервистерді дамыту мәселелері талқыланды

Цифрлық сервистер азаматтар мен бизнес өміріне берік енді. Олар уақытты үнемдеумен қатар мемлекеттік қызметтердің ашықтығын арттырады, әкімшілік рәсімдерді қысқартады және мемлекетпен өзара әрекеттесуді ыңғайлы әрі тиімді етеді.
_gluster_2026_6_18_68fe9c2cca35fb9987de51c1a249f4d8_1280x720

Бүгін Батыс Қазақстан облысының орталығы Орал қаласында ҚР Қаржы вице-министрі Ержан Біржановтың өңір тұрғындарымен кездесуінде салық саясаты, салықтық әкімшілендіруді жетілдіру және цифрлық сервистерді дамыту мәселелері талқыланды.

Іс-шараға бизнес қауымдастығының, қоғамдық ұйымдардың және мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

Кездесу барысында ҚР Қаржы министрлігінің негізгі бағыттары, өңірдің мемлекеттік кірістер органдарының жұмысының нәтижелері және жаңа Салық кодексінің негізгі ережелері таныстырылды.

Салық жүйесін жетілдіру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Қатысушыларға жаңа Салық кодексіндегі басты жаңалықтар егжей-тегжейлі түсіндірілді. Ол әділ, түсінікті және заманауи салық салу моделін қалыптастыруға бағытталған. Сондай-ақ салықтық әкімшілендіруді цифрландыру, арнайы салық режимдерін жетілдіру, мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру және бизнестің әкімшілік жүктемесін азайту мәселелері талқыланды.

Ержан Біржанов атап өткендей, жаңа Салық кодексі ашық әрі теңгерімді салық жүйесін құруға, салықтық әкімшілендірудің тиімділігін арттыруға және кәсіпкерлікті дамытуға қолайлы жағдай жасауға бағытталған.

Кездесудің жеке бөлігі мемлекеттік кірістер органдарының цифрлық сервистерін дамытуға арналды. Қатысушыларға азаматтар мен бизнестің мемлекетпен өзара әрекеттесуін жеңілдетуге, процестерді автоматтандыруға және көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған заманауи цифрлық шешімдерді енгізу жұмыстары туралы айтылды.

Ашық диалог форматында вице-министр тұрғындар мен бизнес өкілдерінің салық заңнамасындағы өзгерістерге, арнайы салық режимдерін қолдануға, мемлекеттік кірістер органдарының цифрлық сервистеріне, салықтық әкімшілендіруге және кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларына қатысты сұрақтарына жауап берді.

_gluster_2026_6_18_915b21f40f2c7284fdc0327d04897615_1280x720

Кездесу қорытындысында Ержан Біржанов мемлекет пен азаматтар, кәсіпкерлер арасындағы тікелей өзара әрекеттесудің маңыздылығын атап өтті:

«Ашық диалог уақытылы кері байланыс алуға, бизнес пен азаматтардың ұсыныстарын ескеруге, сондай-ақ жүргізіліп жатқан реформалардың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Біздің ортақ міндетіміз – экономиканы дамытуға және азаматтардың әл-ауқатын арттыруға қолайлы жағдай жасау», – деді вице-министр.

Осындай кездесулер мемлекет, бизнес және қоғам арасындағы ашық диалогты нығайтуға, сондай-ақ халықтың жүргізіліп жатқан экономикалық және салықтық өзгерістер туралы хабардарлығын арттыруға ықпал етеді.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале