30.08.2022, 13:21
Оқылды: 266

БҚО-да студенттер жатақханасы ашылды

Бүгін Орал политехникалық колледжі жанынан 150 орындық студенттер жатақханасы қолдануға берілді. Шараның ашылу салтанатына БҚО әкімі Ғали Есқалиев қатысты.

аким

Орал политехникалық колледжі құрылысшы, электргазбен дәнекерлеуші, автомобиль жөндеуші, электрмен монтаждаушы секілді  еңбек нарығына қажетті мамандықтарды дайындайды. Колледжде бүгінде 592 студент білім алуда.

сырты

Жатақхананың ашылу салтанатында өңір басшысы былай деді:

«Баршаңызды бүгінгі Конституция күнімен құттықтаймын. Өздеріңіз білесіздер, Ата заңымызға көп өзгерістер енгізілді. Осы өзгерістер жаңа Қазақстанды құруға бағытталып отыр. Тәуелсіздік тарихының жаңа белесі деп те айтуға болады. Осы мерекенің құрметіне орай, жаңа оқу жылы қарсаңында біз керемет жобаның ашылуына жиналып отырмыз. Бұл жобаның ерекшелігі - 100 пайыз жеке инвестицияға бой көтерді. Бұл әлеуметтік жоба - біздің балаларымыздың келешегіне арналған жоба. Біздің облыста студенттердің жатақханамен қамтылуы төмен, әлі 1300 орын жетіспейді. Соңғы екі жылда 200 орындық екі жатақхананы пайдалануға бердік. Міне, бүгін 150 орындық жатақхананы ашып отырмыз. М.Өтемісов атындағы университет жанынан 500 орындық жатақхана салынуда. Бүгінгі жатақхана заманауи, қолжетімді, камерамен бақылау, күзетпен толық қамтылған. Барлық мемлекеттік талаптарға сай салынған», - деді Ғали Есқалиев.

лента

Жатақхана шынымен де әдемі, жарық әрі кең. Облыс әкімі атап өткендей, жатақхананы жеке құрылыс компаниясы өз қаржысына салып беріп отыр.

койка

Жатақхана бірнеше блоктан тұрады, ішінде асханасы, жаттығу залы, жатын орыны, тоңазытқыш пен киім үтіктейтін орынға дейін дайын тұр.

іші

«Біздің колледжде 592 студент білім алуда. Олардың бәрі грантпен оқиды. 102 студент жатақханада тұруға өтініш білдірді. Айына 20 мың теңге төлейді» дейді колледж директорының орынбасары Райгүл Масалимова.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале