27.03.2024, 10:45
Оқылды: 50

БҚО-да су тасқынына қарсы күреске 990 адам жұмылдырылған

26 наурыз сағат 12.00-ден 23.30-ға дейін Орал қаласының аумағында және облыстың 9 ауданында қар қарқынды еріп, жауын-шашын мол жауды.

СУ ОРАЛ 2024

Төтенше жағдайлар мен жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері, №5517 және №99250 әскери бөлімнің сарбаздары, барлығы 990 адам үш әлеуметтік нысанның жертөлесінен, бес көпқабатты үйден, 298 жеке тұрғын үйдің ауласы мен оның аумақтарынан 131 616 метр куб еріген қар, жаңбыр суы және кәріздегі ағынды суды шығарды. Бұл жұмысқа 222 бірлік техника және 153 мотопомпа пайдаланылған. Инертті материал салынған 5730 қапты төседі.

Бұл туралы БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

СУ ОРАЛ 2024

Бір тәулікте жауын-шашынның айлық нормасы түскен. Норма 25,6 мм-ге жеткен.

«112» мен «109» жедел желісіне 1104 қоңырау түссе, 792 өтініш орындалып үлгерген. Әлі 312 өтініш бақылауда тұр. Жедел желі телефонына 55-40-88 56 қоңырау келіп түскен.

СУ ОРАЛ 2024

Сондай-ақ наурыз айының 25-нен 26-на қараған түні облыстық және аудандық маңызы бар 5 ауданның автожолдағы 8 учаскесінде су жолды шайып өткен. Зардап шеккендер жоқ.

СУ ОРАЛ 2024

Аталған учаскелерде кезекшілер бар. Елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ.

 

Фото: БҚО ТЖ департаментінің

баспасөз қызметінен

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале