12.10.2021, 16:28
Оқылды: 132

БҚО-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтерінің жұмыс жағдайы нәтижелері талқыланды

Үздік халықаралық тәжірибелерді ескере отырып, 2020 жылдың қазан айында Қазақстанда комплаенс институты енгізілді.

2

Мақсаты лауазымды тұлғалар мен квазимемлекеттік және жеке сектор субъектілері қызметкерлерінің мінез-құлықтың жоғары стандарттарына бейімділігін қалыптастыру, ашық және адал қызмет жүргізу, іскерлік беделдікті нығайту және ұйымға деген сенімді арттыру болып табылады.

Комплаенс (ағылшын тілінен аударғанда «сәйкестік» дегенді білдіреді) – бұл компания қызметін Қазақстан Республикасы заңнамасының, халықаралық стандарттардың және Компанияның ішкі құжаттарының талаптарына сәйкес жүзеге асыруды қамтамасыз етуге арналып танылған халықаралық жүйе.

Комплаенс-қызметтердің негізгі міндеттерінің бірі – құқық бұзушылықтардың алдын алу және ұйымның іскерлік беделін қорғау, жұмысқа қабылдау кезінде бақылау, персоналды корпоративтік оқыту, мәмілелер мен операцияларды талдау.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін уақтылы анықтау және мүдделер қақтығысының алдын алу маманды тиісті теориялық даярлауды және оның функционалдық міндеттерін тиісті құқықтық бекітуді талап етеді.

1

БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі аймақтағы комплаенс-қызметтерінің жұмыс жағдайына тұрақты негізде мониторинг жүргізеді. Бүгінгі күні облыс әкімдігімен квазимемлекеттік сектордың 318 мекемесі мен кәсіпорындарында комплаенс-қызметтер құрылған. Квазимемлекеттік сектордың 12 субъектісінің жауапты қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын жетілдіру бойынша шаралар қабылданды.

ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының өңірлік филиалымен бірлесіп жүйелі негізде комплаенс-қызметтердің қызметкерлері мен басқару құрамы үшін оқыту семинарлары өткізіледі.

2021 жылғы 12 қазанда комплаенс институтын ілгерілету бойынша жұмыс шеңберінде БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшылығы «Жайық Пресс» ЖШС ұжымымен кездесті. Кездесу барысында осы функцияны жүзеге асыру кезінде туындайтын проблемалық мәселелер талқыланды.

«Жайық Пресс» ЖШС басшылығы атқарушылық тәртіпті, қызметкерлердің жеке жауапкершілігін және сыбайлас жемқорлық тәуекелі жағдайында өзін-өзі ұстау ережелерін регламенттейтін бірқатар ішкі нормативтік актілердің қабылданғаны туралы хабардар етті.

Кездесу соңында БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі басшысының бірінші орынбасары компания басшылығын комплаенс-қызметтерді жүргізу бойынша әдістемелік ұсыныстарды сақтауға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенсті тиімді іске асыру үшін ЖШС ережесін арнайы функционалмен толықтыру бойынша шаралар қабылдауға шақырды.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда маңызды рөл атқаруы тиіс. Сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетуге және корпоративтік парасаттылықты нығайтуға бағытталған барлық ұсыныстарды біз жан-жақты қолдайтын боламыз. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенсті енгізу заң талабы болып табылады және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің тұрақты бақылауында болады».

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы реформалардың екінші пакеті қабылданды, квазимемлекеттік және жеке секторларда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар күшіне енді.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңының 16-бабына сәйкес квазимемлекеттік сектор субъектілерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтердің функцияларын орындайтын құрылымдық бөлімшелер айқындалады, олардың негізгі міндеті тиісті ұйымның және оның қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын қамтамасыз ету болып табылады.

zhaikpress.kz

Суреттерді түсірген: Эльвира Меңдіғали

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале