6.02.2021, 23:34
Оқылды: 339

БҚО-да тоғыз қабатты жатақханада өрт шығып, 73 адам эвакуацияланды 

Оралда тоғыз қабатты жатақханада өрт шығып, 73 адам эвакуацияланды. БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға бүгін Исатай-Махамбет көшесі 82/1-мекенжайында болды.

210206174832757e
Сағат 03.27-де өрт шыққаны жөнінде хабар түскен.

Барлау барысында бірінші қабаттағы қосалқы үй-жайда жеке заттардың жанып жатқаны анықталды.

Жатақханадан 73 адам, соның ішінде 17 бала қауіпсіз жерге шығарылды.

2102061750535600g
«Тілсіз жауды» ауыздықтауға 17 адам 6 техникамен қатысты.

Өрт сағат 04.09-да сөндірілді. Қазіргі кезде өрттің шығу себебі мен келтірілген шығын анықталу үстінде.

inform.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале