4.11.2020, 18:57
Оқылды: 326

БҚО-да той үшін жалға берілетін коттедждер тексерілуде

Орал қаласында той өткізетін коттедждер де тексеріліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

200712102739590e
Орал қаласы әкімі аппараты ақпараттық технологиялар және мемлекеттік қызмет көрсету мониторингі бөлімінің басшысы Аслан Жармұхановтың Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингіде мәлім еткеніндей, шаһарда барлығы 50-70-ке жуық коттедж түрлі шаралар өткізуге жалға беріледі.

Соның ішінде он шақты ірі коттедж той-думан өткізумен айналысады. Жуырда той өткізген екі коттедж анықталды. Жалпы, БҚО бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес енгізілген шектеу шараларының сақталуын қадағалау мақсатында көптеген нысандарға мониторингтік тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Қазан айында нысандарды мониторингілеу барысында шектеу шараларын бұзушылықтың 77 дерегі анықталды. Орал қаласы бойынша 170-тен астам нысан мониторингілік топтардың бақылауында тұр.

«Қазіргі таңда көпшілік іс-шаралар ұйымдастыру, жиын-той өткізу азаймай тұр. Іс-шараны ұйымдастырушылар мен той иелері айыппұл төлегеннен кейін жиынды әрі қарай жалғастыруды сұрайды. Шын мәнінде мониторингтік топтардың мақсаты көп адамның жиналуына жол бермеу болып табылады. Өйткені мұндай жерлерде ауруды жұқтыру қаупі жоғары. Бүгінде қайталанған құқық бұзушылық деректері жиі кездесіп отыр. Мұндай жағдайда нысанды сот шешімімен тоқтатуға дейін шара қолданылады», деді А.Жармұханов.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале