28.03.2024, 20:20
Оқылды: 107

БҚО-ның төрт ауданында және Орал қаласында төтенше жағдай жарияланды

Қазіргі уақытта су тасқынына қарсы жұмыстарға ТЖД және ЖАО-дан 953 адам, 265 бірлік техника, 146 бірлік мотопомпа тартылды, деп хабарлайды БҚО ТЖД баспасөз қызметі. 

ОРАЛ СУ 202425 наурыздан бастап облыс бойынша 351 мың текше метр еріген қар суы сорылып, 21440 дана инертті материалдар мен қаптар төселді.
Қардың қарқынды еруі және жауын-шашынның көп түсуі нәтижесінде еріген және жаңбыр сулары, сондай-ақ кәріз ағындарымен барлығы 455 тұрғын үйді, 5 көп қабатты тұрғын үйлердің жертөле үй-жайларын, 17 әлеуметтік нысанды су басты
Бүгін Батыс Қазақстан облысына ҚР Қорғаныс министрлігінің екі тікұшағы ұшып келді, қазіргі уақытта олар Қаратөбе ауданында құтқару жұмыстарына жұмылдырылды.
Естеріңізге сала кетейік, қардың еруі мен жауын-шашынның салдарынан Жақсыбай өзенінің сағасы көтеріліп, Қаратөбе ауданы Қоржын ауылының жеке тұрғын үйлерін су басқан болатын. Қазіргі уақытта Қоржын ауылындағы ауылдық мектепке 350 адам эвакуацияланды, оның ішінде 92 адам тікұшақпен Қаратөбе ауданының орталығында орналасқан эвакуациялау пунктіне көшірілді.
ҚР ТЖМ № 28237 әскери бөлімінен Батыс Қазақстан облысына 50 адам келіп, Сырым ауданының Жымпиты ауылына құтқару жұмыстарына жіберілді, қазіргі уақытта 295 адам эвакуацияланды.
Шыңғырлау өзенінің деңгейінің жоғарылауына байланысты елдімекендерді су басу қаупі туындады, осы уақытқа дейін Бөрлі ауданының Ақсу кентінде 46 үйден 150 адам Ақсу мектебіне эвакуацияланды, оның ішінде 38 адам Орал қаласына тасымалданады.
Қазіргі уақытта Орал қаласында, Қаратөбе, Сырым, Бөрлі және Теректі аудандарында жергілікті жердегі табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды.

zhaikpress.kz 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале