10.09.2024, 15:15
Оқылды: 184

БҚО-да тұрғындарды 23 миллион теңгеге алдаған күдікті ұсталды

БҚО тұрғындарын 23 миллион теңгеге алдаған күдікті ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

ПОЛИЦИЯ ЖП (жаңа)

Абай полиция бөлімінің қызметкерлері онлайн аукционнан автокөлік сатып алып беремін деген сылтауымен облыс тұрғындарының миллиондаған ақшасын иемденген алаяқты ұстады. Ол әртүрлі көліктердің фотосуреттерін көрсетіп, олар үшін көлікті сатып алатынын айтып, алдын ала төлем алып отырған.

Мәселен, Орал қаласының кәсіпкерлерінің бірі алаяққа сеніп, оған 7,4 млн теңге, тағы бір тұрғын оған 4,5 млн теңге берген.

Қазіргі уақытта алаяқтық фактілерінің 7 эпизоды бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Жалпы облыс тұрғындарына келтірілген шығын 23 миллион теңгені құрайды.

Ұсталған адамның айтуынша, ол барлық ақшаны құмар ойындарға және ұтысқа жұмсаған.

Полиция департаменті облыс тұрғындарына күмәнді мәмілелерге сенбеуді және тексеріп, көз жеткізбей тұрып адамдарға үлкен көлемде ақша бермеуді ескертеді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале