27.02.2021, 16:32
Оқылды: 415

БҚО-да Ұлттық ұланның жауынгерлері іздеуде жүрген қылмыскерді ұстады

Оралда Ұлттық ұлан жауынгерлері тонау жасағаны үшін іздеуде жүрген жергілікті тұрғынды ізін суытпай құрықтады.

IMG-20210227-WA0043

Қарақшыны іздеу туралы ақпарат БҚО ПД жедел басқару орталығы кезекшісінің пультінен келіп түсті. Тонаушының анықтамасын алған тәртіп сақшылары жақын маңдағы көшелерді тексеруге кірісті.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында құрамында патруль бастығы сержант Армат Наурызғалиев, патрульдік қатардағы жауынгерлер Нұргелді Қайнар мен Бекболат Хайдаров бар 5517 әскери бөлімінің әскери жасағы патрульдеу бағыты бойынша Абай даңғылы бойымен "Sport-Line" дүкенінің маңында бағдарда көрсетілген белгілерге ұқсас еуропалық келбетті ер адамды байқайды.

Тәртіп сақшыларын көрген ер адам жасырынуға тырысқан, алайда әскери жасақтың батыл және шебер әрекеттерінің арқасында қылмыскер ұсталды.

Күдіктінің жеке басын тексеру кезінде оның қылмыс жасағаны үшін іздеуде екені анықталды. Одан әрі тергеу үшін әскерилер құқық бұзушыны полиция бөліміне тапсырды.

Қызмет атқару кезіндегі көрсеткен қырағылықтары мен жоғары кәсіби шеберліктері үшін әскери жасақ 5517 әскери бөлімі командирінің атынан марапатталды.

«Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінің бастығы, подполковник Ерболат Сұлтанов

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале