21.08.2023, 9:15
Оқылды: 150

БҚО-да заңсыз айналымда болған құны 967,5 млн теңгеден асатын темекі тәркіленді

БҚО-ның төрт тұрғыны заңсыз темекі мен алкоголь сатпақ болған. Бұл деректі Қаржы мониторингі агенттігінің облыстық департаменті қызметкерлері тергеді.

ЖП ақша

Агенттіктің хабарлауынша, бір топ тұлғадан жалпы сомасы 967,5 млн теңгеден асатын 1,6 миллион қораптан астам темекі өнімдерінің ірі партиясы, сондай-ақ жасанды есепке алу-бақылау таңбалары бар алкоголь өнімдері тәркіленген.

Заңсыз темекі Қырғыз Республикасынан әкелініп, Оралда сақталып, сатылған.

Сот үш айыпталушыны бір жылға бас бостандығын шектеу жазасына кескен. Тағы бір айыпталушы 1000 АЕК көлемінде айыппұл төлейді.

Сот үкіміне сәйкес, тәркіленген барлық темекі мен алкоголь өнімдері жойылады.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале