6.02.2021, 15:13
Оқылды: 373

БҚО-да жастар төбелесіп, біреуі көз жұмды 

БҚО полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібековтің мәлім еткеніндей, оқиға түнде Х.Доспанова көшесі 58А-мекенжайында орналасқан үйдің кіреберісінде болған.

fcf5edf4947b14cfe4ac8ab3e656f53b_800_550_0

Шамамен түнгі сағат 00.02-де «102» телефонына хабар түскен. Полиция қызметкерлері оқиға орнына жеткеннен соң тұрмыстық жағдайда арақ ішуден кейін белгісіз адамның Теректі ауданының 23 жастағы тұрғынының денесіне біраз жерден пышақ жарақатын салғаны анықталды.

Соның салдарынан жас жігіт оқиға орнында көз жұмды. Жедел іздестіру іс-шаралары нәтижесінде аса ауыр қылмысты жасаған Орал қаласының 27 жастағы тұрғыны ұсталды. Ол бұдан бұрын да бірнеше рет бұзақылығы үшін жауапкершілікке тартылған.

Полицияның назарына 2015 жылдан бері ілігіп, қоғамдық орында арақ ішкені үшін де әкімшілік жазаны өтеген. Оның іс-әрекетінен тағы екі жас жігіт зардап шегіп, облыстық көпбейінді ауруханаға жатқызылды.

Қазіргі кезде Абай полиция бөлімі ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігіне (адам өлтіру) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі нақтылағанындай, жедел жәрдем сағат 00.17-де шақырылып, төрт бригада барды.

Бір адам жедел жәрдем келгенге дейін мерт болды. 30 және 23 жастағы жігіттер пышақ жарақатынан зардап шекті. 20 жастағы тағы бір жігіт екі көзінен химиялық күйік жарақатын алған.

inform.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале