19.06.2023, 12:46
Оқылды: 176

БҚО-да жол ережесін бұзғандар ұсталды

️«17 маусым күні БҚО Полиция департаментінің Жедел-басқару орталығы қызметкерлері қаладағы Назарбаев даңғылы бойында «Lexus», «Audi», «Lada» маркалы автокөліктерінің жол қозғалысы ережесін өрескел бұзғандығын анықтады», - деп жазады БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

IMG_1901

Аталған жайтқа қатысты 2000 жылы туған И., 1999 жылы туған Қ. және С., 1981 жылы туған С. есімді азаматтарға ҚР ӘҚБтК-нің 615-бабы 1-бөлігі және 593-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.

IMG_1902

БҚО Полиция департаменті облыстың тұрғындары мен қонақтарына жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды ескертеді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале