24.12.2021, 15:16
Оқылды: 148

БҚО-да ЖРВИ-мен сырқаттанушылар саны 2,6 есеге өсті

Батыс Қазақстан облысында 1 қазаннан бері жіті респираторлық вирусты инфекциямен (ЖРВИ) сырқаттанушылар саны 2,6 есеге өсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

42

БҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Гүлдана Керееваның айтуынша, 2020 жылы осы кезеңде ЖРВИ-мен ауырған 9515 адам тіркелсе, биыл 24 898-ге жетті.

Сондай-ақ өңірде тұмау (грипп) өршіп тұр. 1 қарашадан бастап зертханалық зерттеу нәтижелері бойынша 91 тұрғыннан тұмаудың А (H3N2) түрі анықталды. Өткен 2020- 2021 жылғы эпидемиологиялық маусымда тұмауға шалдыққандар болмаған еді.

«ЖРВИ мен тұмаумен аурушылардың көбеюіне байланысты білім беру ұйымдарында бұқаралық және ойын-сауық іс-шараларын өткізуге шектеу қойылды», деді Г.Кереева.

Оның сөзіне қарағанда, облыста «Ashyq» жобасы бойынша коронавирус жұқтырған және олармен байланыста болған адамдарға қатысты тиісті іс-шаралар жүргізілуде.

Атап айтқанда, 1 желтоқсаннан бері үйлерінде оқшаулануы тиіс 38 адамның «Ashyq» жобасымен жұмыс істейтін нысандарға барғаны белгілі болды. Бұлардың 35-і – «қызыл», үшеуі – «сары» мәртебесі бар адамдар.

«Биылғы 10 маусымнан бері 179 адамға әкімшілік хаттама толтырылды. ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексі 425-бабы 1-бөлігіне сәйкес карантин талабын бұзғандарға 7,8 млн астам теңге айыппұл салынды», деді департамент басшысының орынбасары.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале