13.02.2024, 16:00
Оқылды: 28

БҚО-да ЖРВИ жұқтырғандардың саны 60% жоғарлаған

Батыс Қазақстан облысындағы жіті респираторлық вирустық инфекциялар бойынша эпидемиологиялық жағдай өткен эпидемиологиялық маусыммен салыстырғанда 60% жоғарлады.

abb77bff-c69d-4ac0-9fdd-c972ca4d855c

Фото: өңірлік коммуникациялар қызметінен

1 қазаннан бастап ЖРВИ жұқтырған 126 795 адам тіркелді.

14 жасқа дейінгі ауырған бала саны – 81686. Оның ішінде 1 жасқа дейінгі бала саны – 2 475. Балалардың ауру шаңдылығы барлық жағдайдың 64,4 % құраса, ауырған жүкті әйелдің саны - 2% (722 адам).

2023-2024 жылдары эпидемиологиялық маусымда тұмау вирусының А түрі (H3N2) және тұмауға қарсы емес вирустардың айналымы анықталды.

82 адамнан тұмау анықталды. Барлық жағдай А H3N2 түрі. Оның ішінде 28-і 14 жасқа дейінгі бала, 24-і жүкті әйел. Тұмау жұқтырған 60 адам ауруханаға жатқызылды.

Тұмау тәрізді емес вирустардан аденовирус, риновирус, парагрипп анықталды.

Эпидемиологиялық кезең алдында эпидемиологиялық және тәуекел топқа жататын адамдарға тұмауға қарсы 138 000 доза, жұмыс берушілер есебінен 1000 доза екпе салынды. Облыстағы тұрғындардың 20% екпе алды.

М.Арыспаев,

БҚО санитариялық-эпидемиологиялық

бақылау департаменті басшысы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале