24.08.2020, 16:56
Оқылды: 115

БҚО-да жыл басынан бері 694 мемлекеттік қызметші оқудан өтті

Кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыру еліміздің ұзақ мерзімді даму стратегиясының басты басымдықтарының бірі. Білікті кадрларды даярлау мемлекеттік басқару саласы үшін қай кезде де маңызды міндет болып есептелетіні сөзсіз.

unnamed (1)

Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктіліктерін арттыру — бұл мемлекеттік қызметтің сапасын дамытудың түйінді өзегі. Әрбір мемлекеттік қызметшіні оқыту тұрақты сипатта болуы қажет, яғни «базалық» білім нәтижесінде алған білімдерін жаңарту және өзінің кәсіби қызметінде қолданатын жаңа білім алу мақсатында оның кәсіби мансабының ағымында жүзеге асырылуы тиіс. Өйткені уақыт өте алған білім жаңашылдықты талап ете бастайды. Бұл – заман талабы.

Оқыту мәселелері Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңымен және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 15 наурыздағы №125 қаулысымен «Мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру қағидаларымен» реттеледі.

Қағидаға сәйкес мемлекеттік қызметке алғаш тағайындалған мемлекеттік қызметшілер лауазымға тағайындалған күннен бастап алты айдан кешіктірілмей қайта даярлауға жіберіледі.

Сонымен қатар, «Б» корпусының қызметшілерінің біліктіліктерін арттыру мақсатында үш жылда бір рет оқытылып, ал жылдың қорытындысы бойынша "қанағаттанарлықсыз" баға алған жағдайда – қызметшілердің қызметін бағалау нәтижелері бойынша біліктілікті үш ай ішінде өтуі қарастырылғын.

Мемлекеттік қызметшілерді оқыту олардың функционалдық міндеттеріне сәйкес жоспарланып, жасақталып, сапалы түрде оқыту жүзеге асырылады. Кәсіби дамытуды арттырып қана қоймай сонымен қатар парасаттылық, жауапкершілік, күйзеліске төзімділік, сияқты тақырыптарда жеке құзыреттілікті дамыту бойыншада семинарлар өткізілуде.

Бүгінгі таңда мемлекеттік қызметшілердің білктілігін арттыру мен қайта даярлау процесі ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясымен оның өңірдегі филиалдарында және Заңға соңғы өзгерістер еңгізілуіне байланысты мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру  өзге де білім беру ұйымдарында жүзеге асыруана жол берілген. Оқытудың сапалы тәсілін қамтамасыз ету мақсатында осы ұйымдарға талаптар қойылады.

Карантиндік шаралар кезінде елімізде мемлекеттік қызметшілерді оқытуға шектеу қойылмады, семинарлар онлайн режимінде жоспарланып өткізілді. Бұл мемлекеттік қызметшілердің тек қана қала емес, сондай-ақ аудан және ауыл қызметшілеріне кедергісіз оқу курстарынан өтуге мүмкіндік берді.

Батыс Қазақстан облысы бойынша жыл басынан бастап 694 мемлекеттік қызметші оқудан өткен, оның ішінде қайта даярлаудан - 130, біліктілігін арттырудан 564 қызметші өткен.

Біліктілігін арттырып, қайта даярлаудың жоғары кәсіби шеберлігін шыңдаған  кадрлар қай уақытта да мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігінің кепіл маманы боларына дау жоқ. Мемлекетіміз үшін маңызды шешімдер қабылдау барысында осындай мамандардың біліктілігі – әркез елімізге оң өзгерістер әкелетіндеріне сенімдіміз. Сондықтан әрбір мемлекеттік қызметшінің өз функционалдық міндеттерін мінсіз орындап, сапалы мемлекеттік қызмет көрсету арқылы ел азаматтарының мемлекеттік билікке деген сенімін арттырады.

М.Мерғалиева,

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің

Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті

Мемлекеттік қызмет басқармасының бас маманы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале