22.09.2022, 12:30
Оқылды: 69

БҚО-да зорлықпен өлтірілген 32 жастағы тұрғынның мүрдесі табылды

Батыс Қазақстан облысында зорлықпен өлтірілген 32 жастағы тұрғынның мүрдесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпараттың біздің өңірдегі тілшісі.

220922101218869e

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 21 қыркүйек күні сағат 19.05-те Оралға қарасты Круглоозерный кенті шетінде болды.

«Қоқыс арасынан зорлықпен өлтірілген азиат пішіндес, жасы 30-35-тердегі ер адамның мүрдесі табылды. Кейін оның Казталов ауданының 32 жастағы тұрғыны екені анықталды. Көп ұзамай осы аса ауыр қылмысты жасады деген күдікпен 1999 жылғы тұрғын ұсталды. Қазіргі кезде аталмыш дерек бойынша ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігіне (кісі өлтіру) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», деп хабарлады ведомстводан.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале