13.03.2018, 12:21
Оқылды: 81

БҚО-дағы Дәдем ата мекенінде көрісу күніне арналған шара өтеді

Ертең, 14 наурыз күні сағат 12.00-де Сырым ауданы, Тоғанас ауылдық округінде орналасқан «Жұмағазы хазырет – Дәдем ата» мекенінде Көрісу күнін мерекелеу шаралары басталады. Бұл туралы «Телегей» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Нұрлан Сәдір facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

 Оның айтуынша, шараның мақсаты - қазақ халқының мерекелерін атап өту арқылы ұлттық салт-дәстүрді жаңғырту, ел бірлігін нығайту. Мазмұнды шараға кез келген адам қатыса алады.

Шара барысында елімізге танымал күйші, домбыра жасау шебері, республикалық «Үкілі домбыра» байқау-бәйгесінің екі мәрте жүлдегері Едіге Нәбиев күй шертсе, айтыскер ақын, Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, «Құрмет» орденінің иегері Шолпан Қыдырниязова тәрбие-тағылымға толы әңгімелерін айтады. Сонымен қатар Құрманғазы атындағы саз колледжінің студенттері өнер көрсетеді.

Айта кетейік, қасиетті мекенге бару үшін сағат 09:00-де облыстық әкімшілік пен қазақ драма театрының ортасындағы алаңнан арнайы екі Газель жүреді.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале