19.10.2022, 15:45
Оқылды: 276

БҚО-дан 35 сарбаз әскерге аттанды

Бүгін Орал қаласында әскерге аттанған сарбаздарды шығарып салу салтанатты рәсімі өтті. Шараға әскерилер, сала ардагерлері және ата-аналар қатысты.

сарбаз 1

Салтанатты жиында сөз алған Орал қаласы әкімінің орынбасары Мирболат Нұржанов «Баршаңызға белгілі бірінші ер адамның міндеті - Отанын қорғау. Осы жолда жақсы сарбаз тәрбиелеген ата-аналарға рақмет айтамыз. Сіздер ұлдарыңызды отансүйгіштікке тәрбиеледіңіздер, соның арқасында олар бүгін әскерге аттанып барады. Сарбаздар елден, үйден көрген тәрбиесін әскерде де көрсетіп, елге аман оралсын деймін», - деді.

аким о

Әскерге аттанып бара жатқан жастарға сала ардагерлері ақ баталарын беріп, ақжарма тілектерін арнады.

нар

шал

«Бұл жігіттер Жамбыл облысындағы «Отар» әскери базасында орналасқан №21450 әскери бөліміне барады. Бәрі іріктелді, медициналық комиссиядан, психологиялық тексерістен де өтті. Отан алдындағы борышын өтегелі бара жатқан жас ұландарымызға сәттілік тілейміз»,- деді Орал қаласының Қорғаныс істері жөніндегі басқарма бастығы Руслан Балтеміров.

Салтанатты шара барысында ұлдары әскерге еш қарсылықсыз, өз еркімен бара жатқан ата-аналарға алғысхаттар табыс етілді.

Бүгін алғысхат алған ата-аналар қатарында «Жайық пресс» ақпараттық агенттігінің басшысы Нұрбек Оразаев та бар. Нұрбек Зәкәрияұлының тұңғышы да бүгін Отан алдындағы парызын өтеуге аттанып барады.

бас

«Құрметті менің балаларым, біздің қайсар ұлдар. Сіздер ер азамат болып өмірге келгесін әскери міндетті орындауға міндеттісіздер. Осы сапарларың оң болып, біздің облыстың атына кір келтірмей, абыроймен барып келіңіздер, Сіздерге ақ жол тілеймін»,- деді сахнада сөз алған Нұрбек Зәкәрияұлы.

Отан алдындағы борышын өтеуге аттанған жігіттерге біз де сәттілік тілейміз.

Жанат Көшкінбай,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале