29.09.2022, 15:30
Оқылды: 247

БҚО-ға ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілдері келді

Олардың мақсаты - Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру. Соның ішінде әлеуметтік-еңбек саласына қатысты бағыттары туралы жергілікті халықты ақпараттандыру.

мин1

Осы бағытта бүгін елге келген ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек және әлеуметтік қорғау комитеті төрағасының орынбасары Мұрат Мұратбеков пен ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Әлеуметтік көмек департаменті, атаулы әлеуметтік көмек басқармасының басшысы Әсия Құрманқұлова Зашаған кентіндегі әлеуметтік үйдің тұрғындарымен кездесті.

мин3

мин4

Бұл үй жеке инвесторлардың есебінен салынып, осы жазда ғана ашылған болатын. Ал мұнда тұратын азаматтар қоғамға бейімделуге жұмыс істейді. Ол жерде ас пісіру, киім үтіктеу, ыдыс-аяқ жуып, жинау секілді қарапайым үй тірлігіне бейімдейді.

Министрлік өкілдері әр тұрғынмен сөйлесіп, жағдайларын сұрады. Солардың бірі - 31 жасар Жанаргүл. Ол үш айдан бері осы әлеуметтік мекеменің тұрғыны.

мин5

Бүгінде Жанаргүл тамақ пісіруді үйренген. Ұлттық тағам - бауырсақ пісіруді меңгеріп жүр.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек және әлеуметтік қорғау комитеті төрағасының орынбасары Мұрат Мұратбеков  «Әлеуметтік үйде тұрып жатқан әр адамды тек үй тірлігіне ғана үйретіп қоймай, елдегі әлеуметтік көмек түрлері, оларды алу жолдары, үйге кезекке тұру бағыттары туралы да ақпараттар беріп, қажет болса әлеуметтік порталдарға тіркелуге көмектесіңіздер»,- деді сол орталықтың басшылығына.

мин2

Бүгін министрлік өкілдері «Жайықжылуқуат» АҚ және Орал газ, мұнай және салалық технологиялар колледжі ұжымымен де кездеседі.

Жанат Көшкінбай,

Фото авторы:  Гүлмира Сәрсенғалива

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале