19.07.2022, 15:45
Оқылды: 99

БҚО командасы жеңімпаз атанды

Шымкент қаласында 11 -16 шілде аралығында өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша жасөспірімдер арасында ҚР XII жазғы чемпионаты өтті. Чемпионатқа 13-18 жас аралығындағы жасөспірімдерден құралған 17 команда қатысты.

4

10 шілде күні Шымкент қаласының орталық стадионында чемпионаттың салтанатты ашылуы ұйымдастырылды.

Кейін шабуыл сатысымен көтерілетін жарыстың бірнеше түрі өтіп, Батыс Қазақстан облысының командасы үшінші орынды иеленді.  Жеке есепте Никита Мухамадеев жоғары топтағы жасөспірімдер арасында үшінші орын алды. Абылай Серіков кіші топтағы жасөспірімдер арасында 1 орынға ие болды.

Екінші жарыс күні 100 метр кедергілері бар жолақтан өту сайысында БҚО командасы екінші орынға ие болды. Жеке есепте кіші топ арасында Абылай Серіков 1 орын алса ал, үшінші  орынды аға топтар арасында Райымбек Райымқұлов иеленді.

15 Шілдеде 100 метр бойынша 4 өрт эстафета өтіп БҚО командасы 1 орынға ие болды.

Жауынгерлік қанат жаю қорытынды сайыс түрінде жерлес командамыз 1 орынға ие болды. Жалпы жарыс қорытындысында біздің облыстан барған құрама командалық есепте 1 орынды иеленді.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале