29.08.2023, 13:00
Оқылды: 52

БҚО полициясына жаңа қызметтік көліктер берілді

Бүгін Қазақстан Республикасының Конституциясы күні қарсаңында БҚО Полиция департаментінде салтанатты шара өтті.

WhatsApp Image 2023-08-29 at 12.59.09

Бұл туралы БҚО ПД баспасөз қызметі хабарлады.

Салтанатты шара Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі, полиция генерал-полковнигі Марат Ахметжановтың құттықтау жеделхатының оқылуымен басталды.
Департамент бастығы, полиция полковнигі Арман Оразалиев  ішкі істер органдарының қызметкерлерін және ардагерлерді мерекелерімен құттықтады. Ол 1995 жылы қабылданған негізгі заңның еліміз үшін маңызды рөл атқаратынына тоқталып, сонымен қатар полиция қызметкерлерінің алдағы уақытта да еліміздің игілігі үшін абыроймен қызмет ететініне сенім білдірді.
Шара барысында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің және БҚО Полиция департаменті бастығының бұйрықтарымен облыстардың үздік полицейлері төс белгілермен, грамоталармен және алғысхаттармен марапатталды.

WhatsApp Image 2023-08-29 at 12.59.10
Сондай-ақ БҚО ПД ардагерлер кеңесінің төрағасы Еділхан Нұртазинұлы сөз сөйлеп, қызметке аяқ басқан жас қызметкерлерді құттықтап, сәттілік тіледі.

WhatsApp Image 2023-08-29 at 12.59.10 (1)
Одан әрі мерекелік шара БҚО облыс әкімдігінің қолдауымен БҚО ПД Арнайы даярлық және құқықтық тәртіп базасында автоматтандырылған жуу кешенінің ашылу салтанатына жалғасты.

WhatsApp Image 2023-08-29 at 12.59.08 (1)

Ата заңымыздың қабылдану күні қарсаңында БҚО ПД Айдауылдау қызметіне екі дана автокөліктің және кинологиялық қызмет орталығына өтімділігі жоғары автокөліктерінің кілттері салтанатты түрде табысталды.

Кейін сапқа тұрғызылған тәртіп сақшылары құқықтық тәртіпті сақтау жолындағы қызметтеріне аттанды.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале