17.11.2020, 14:49
Оқылды: 145

БҚО жастары археологиялық қазба жұмыстарына қатысты

Археологтар «даладағы жұмысты» қазба жұмыстары деп атайды. Қазба жұмыстары археологиялық жұмыстың бір бөлігі ғана. Археологтар көп уақытын кабинеттер мен зертханаларда өткізеді, қазба жұмыстарынан алынған мәліметтерді өңдейді және ғылыми жұмыстар, мақалалар жазады.

ЭКС 1

Біздің облыста археологиялық қазба жұмыстарын Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі жүргізеді. Биыл олар Теректі ауданында археологиялық қазба жұмыстарын өткізді. Оған Я.Лұқпанова жетекшілік етті.

Сонымен қатар Бәйтерек ауданындағы қазба жұмыстарын Е.Клышевтің жетекшілігімен «Батыс археология» ЖШС жүргізді.

ЭКС 2

Аталмыш археологиялық экспедицияларға «Ғылыми зерттеулерді қолдау қоры»-ның волонтерлары қатынасты. Олар жер қазып, көне заттарды топырақтардан тазартып, фото және видеоға түсірді. Далалық жағдайда тамақ пісіріп, т.б. жұмыстар атқарды.

Келер жылы да археологиялық экспедицияларда волонтерлар өз жұмысын жалғастырады деген ойдамыз.

Нұрәділ Әуелбай,

волонтер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале