8.12.2020, 18:58
Оқылды: 238

БҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы тағайындалды

Меритократия қағидаттарына және ауысу тәртібіне сәйкес Батыс Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы болып Айтмағамбетов Бауыржан Есқайырұлы тағайындалды.

3A2C12B6-890B-4C65-988B-D95C81E7B66F

 Бауыржан Есқайырұлы Айтмағамбетов 1981 жылы туған. Білімі жоғары. Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық универститеті мен М.Өтемісов атындағы БҚМУ-ды «Жол қозғалысын ұйымдастыру» және «Құқықтану» мамандықтары бойынша тәмамдаған.

Әр жылдары:

- «Жайық Строй сервис» ЖШС-нің менеджері;

- Тасқала ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы бөлімінің экономикалық және әлеуметтік даму сұрақтары бойынша бас маманы;

- Тасқала ауданы, Мереке ауылдық округінің әкімі;

- Тасқала ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы болып еңбек етті.

2018 жылдан бастап БҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқарма басшысының орынбасары қызметін атқарды.

  zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале