28.04.2021, 0:11
Оқылды: 125

Блокбекеттер орнатылады

26 сәуірде БҚО мемлекеттік санитарлық бас дәрігері орынбасарының жаңа қаулысы шықты. «Батыс Қазақстан облысының аумағындағы карантиндік шектеу шараларды күшейту және «Ashyq» жобасын енгізу туралы» деп аталатын бұл құжат 16 пункттен тұрады.

3D3A6950-6CC6-4F66-8471-58A6902937DA

 Алғашқы пунктінде 1 мамырынан бастап өңір аумағында карантиндік шектеуді күшейту шаралары туралы жазылған. Яғни эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізу үшін Орал қаласына және эпидемиологиялық жағдайдың матрицасына сай Ақжайық, Бәйтерек, Бөрлі, Казталов, Теректі, Шыңғырлау аудандарының кіреберісіне блокбекеттер орнатылады. Одан халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету ұйымдарының қызметкерлері, медициналық көрсеткіштер бойынша адамдар, жүк тасымалдаушылар мен транзиттік жолаушылар, ауысым (вахта) жұмысшылары, ауыл шаруашылығы саласы өкілдері тиісті құжаттарды көрсету арқылы өте алады. Сондай-ақ жақын туысқаны (әкесі, анасы, ағасы, апасы, балалары) қайтыс болған тұрғындарға, теміржол, аутовокзалдарға, әуежайға, саяжайға бара жатқандарға да арнайы құжаттары болса, блок беттен өтуге кедергі жоқ. Оларға тек алдын ала «109» телефонына өтінім қалдыру немесе http://www.STOPCOVID.KZ сайттына тіркелу қажет. Ерекше жағдайларда адамдардың жекелеген санаттары үшін санитарлық бекеттен өтуге ауданның/қаланың жергілікті атқарушы құрылымдарының шешімі бойынша рұқсат берілуі де қарастырылған. Осы санаттағыларды қоспағанда, азаматтардың облыстың, соның ішінде Орал қаласының аумағына кіріп-шығуына тыйым салынады.

Екінші пунктте облыстың әлеуметтік-экономикалық нысандар жұмысын шектеу шаралары баяндалған. Соған сәйкес БҚО елді мекендерінің аумағы бойынша тұрғындардың қозғалысы кешкі сағат 00:00-ден таңғы сағат 06:00-ге дейін шектеледі. Жергілікті атқарушы, құқық қорғау құрылымдарының, жедел және кезек күттірмейтін медициналық көмектің, өрт сөндірудің, авариялық-құтқару қызметкерлерінің жүруіне рұқсат бар. Бұл санатқа стратегиялық және тіршілікті қамтамасыз ету нысандарының өндірістік процесін қамтамасыз ететін қызметкерлер де кіреді. Ал осы уақыт аралығында шұғыл жағдай бойынша жеке аутокөлікпен медициналық мекемеге шығуы не дәріханаға баруы керек болса, «109» телефонына өтінім қалдыруы немесе http://www.STOPCOVID.KZ сайтта тіркелуі керек.

Сонымен қатар мемқұрылымдар мен квазимемлекеттік сектордағы мекеме-кәсіпорындар қызметкерлерінің кемінде 80%-ын (адам саны 15 және одан жоғары) қашықтан жұмыс істеуге ауыстыру да ұсынылған. Жеке кәсіпкерлік қызметкерлерінің кемінде 50%-ы онлайн түрде жұмыс істемекші.

Одан бөлек ашық ауадағы қоғамдық орындарда, халықтың ке-

луіне, оларға қызмет көрсетуге және демалуға арналған үй-жайларда, қоғамдық көліктерде медициналық немесе мата бетперделерді кию міндетті болып табылады.

Ал контингенті 300 оқушыға дейін қалалық және ауылдық мектептерде сыныптардағы балалар саны 15 адамға дейін дәстүрлі форматта оқытуға рұқсат беріледі. Сонымен қатар ата-аналардың өтініші бойынша сыныптардағы балалар саны 15 адамнан аспайтын мектептерде 1-ден 5-сыныптарды қоса алғанда аралас форматта оқытуға болады. Оқу бітіретін сыныптар (9, 11 (12)-сыныптар) аптаның 6 күні ішінде аралас форматта оқытылады.

Аталмыш қаулының өңір тұрғындары мен қонақтарына қатысты тармағында жерлеу және отбасылық шаралар туралы жазылған. Соған сәйкес жерлеу шараларын өткізген кезде кемінде 2 метр әлеуметтік арақашықтықты сақтай отырып, 20-дан (отбасы мүшелері, жақын туыстар) көп адамның жиналуына жол бермеу керек. Ауыз ашар, той, қонақтық, еске алу сынды бұқаралық, ұжымдық, отбасылық, естелік іс-шараларды үйде ұйымдастыруға және оларға қатысуға тыйым салынады.

Мәди Ықылас,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале