11.10.2023, 12:30
Оқылды: 48

Бөкейдің ұлтшыл өкілі

Алаш қозғалысының бөкейлік өкілдерінің бірі - Шафхат Мұхамеджанұлы Бекмұхамедов. Ол 1892 жылы Бөкей ордасы 2-Теңіз жағалауы округінде дүниеге келген.

жп орда

ХХ ғасырдағы қазақ білімділерінің қатарында түрлі мемлекеттік қызметтер атқарған бөкейлік қайраткер. Алғашында Астрахань ерлер гимназиясында оқып, кейін Қазан императорлық университетінің заң факультетін бітірген.

Студенттік кезінде-ақ, патшаға қарсы қозғалыстарға қатысып, саяси белсенділігін ерте танытқан қазақ жастарының бірі.

1914 жылғы бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде майданға қара жұмысқа шақырылған қазақтарға көмек көрсету мақсатында қазақ зиялыларымен бірге Беларуссия майданы даласында болды.

Ақпан төңкерісі кезінде 1917 жылдың 2-6 сәуірі күндері Орынбор қаласында өткен Торғай облыстық қазақтарының сиезінде хатшы болып қызмет атқарды.

Кейінгі 1917 жылғы 21 сәуірде болған Бөкей ордасының болыстар сиезінде сиез төрағасының орынбасары болып сайланды. Ол Бөкей ордасының алғашқы жер комиссары, губерниялық жұмысшы-шаруа және қызыл әскерлер кеңесінің төрағасы болды.

1919 жылдан бастап Бөкей өлкесі бойынша Қазақ төңкерістік комитетінің мүшесі болса, 1921 жылғы қыркүйектегі Екінші Жалпықазақ кеңестер сиезінде халық комиссары құрамына сайланды.

Ш. Бекмұхамедов Қазақ АКСР-ның конституциясын әзірлеу комиссиясының мүшесі ретінде автономиялық заң актілерінің жобасын әзірлеуге қатысты.

Ол өмірінің соңына дейін түрлі кеңестік мекемелерде мемлекеттік қызметтер атқарды. Ш. Бекмұхамедов 1958 жылы 66 жасында өмірден өткен.

Зулхожа Шарафутдинов,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале