10.05.2022, 14:51
Оқылды: 114

Бокстан әлем чемпионатында бүгін Алуа Балқыбекова шаршы алаңға шығады

Бокстан әйелдер арасындағы бокстан әлем чемпионатында бүгін, 10 мамырда қазақстандық бір спортшы шаршы алаңға шығады.

220510012201555e

Әлем чемпионаты 8 мамырда Түркияның Ыстанбұл қаласында басталды. Ол 20 мамырда мәресіне жетеді.

Дүбірлі додада бүгін, 10 мамырда ел құрамасынан Алуа Балқыбекова (48 келі) кешкі сессияда шаршы алаңға шығады. Қарсыласы - канадалық Приянка Диллон.

Кешкі сессия елорда уақытымен 17.00-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Еске салсақ, 8 мамырда ел құрамасынан Валентина Хальзова (70 келі) кениялық Лорна Куса Симбиді тізе бүктірді.

Дүбірлі додада еліміздің атынан 12 боксшы сынға түседі.

Олардың қатарында Назым Қызайбай (50 келі), Жайна Шекербекова (52 келі), Дина Жоламан (54 келі), Карина Ибрагимова (57 келі), Римма Волосенко (60 келі), Аида Әбікеева (63 келі), Дариға Шәкімова (66 келі), Надежда Рябец (75 келі), Гүлсая Ержан (81 келі) және Ләззат Күнгейбаева (81 келіден жоғары) бар.

Аталған турнир 1974 жылдан бері тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді.

Қазақстан құрамасы қазірге дейін барлығы 51 медаль еншіледі. Оның 14-і - алтын, 15-і - күміс, 22-сі - қола.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале