12.07.2026, 10:00
Оқылды: 22

Бокстан Азия чемпионаты: Сегіз қазақстандық жартылай финалға шықты

ҚР Ұлттық олимпиадалық комитетінің баспасөз қызметі мәлімдегендей, Индонезияның Джакарта қаласында бокстан U19 және U23 жас санаттары бойынша Азия чемпионаты өтіп жатыр.

1783789195

Фото: olympic.kz

Жарыс бағдарламасына сәйкес, 11 шілде күні U19 санатында ширек финалдық кездесулер аяқталып, нәтижесінде сегіз отандасымыз турнирдің жартылай финалына жолдама алды.

Өз жекпе-жектерінде басымдық танытып, үздік төртіктің қатарына енген спортшылар: Әділ Асқанбай (50 келіге дейін), Едіге Нұрғожа (55 келіге дейін), Ақжүрек Қалабай (65 келіге дейін), Бибарыс Әшірбай (70 келіге дейін), Тимур Тайбеков (80 келіге дейін), Руслан Ахметов (85 келіге дейін), Жалғас Утебеков (90 келіге дейін) және аса ауыр салмақтағы Владислав Саможонов (90 келіден жоғары). Ал Досжан Жұмақан (60 келіге дейін) мен Хамза Мақсатұлы (75 келіге дейін) ширек финалда есе жіберіп, жартылай финалдан тыс қалды.

Айта кетейік, құрлықтық дода 16 шілдеге дейін жалғасады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале